Ілия Жақановтың өмірлік музасы

Ілия Жақановтың өмірлік музасы

Олардың бір-біріне деген іңкәр сезімі ешқашан өшкен емес. Олар әлі де бір-біріне ынтық. Олардың жұбайлық салиқалы өмірі көпке үлгі.

 

Композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, суретші, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі айрықша. Бірнеше саланы қатар меңгеріп, Ілия шығармашылығының шарықтауына, осы уақытқа дейін өнер жолында сәтсіздікке ұшырамағанына да – жүрек қалауымен қол жеткізген жан-жары Тиыш апайдың арқасы. Талантты композитордың асыл жарына деген ықыласы әлі күнге дейін ыстық. Үйдегі отанасына арнаған бірнеше әндерін Ілия Жақанов сүйіспеншілікпен орындайды.

 

Ілия Жақанов пен Тиыш Әлтайқызының тағдыр жолынан бір үзік сыр... Адал жарлардың біз білмейтін өмірлік соқпағы мен сын сағаттары «Егіз жүрек» хабарынан орын алады. Көріңіздер!

Смартфонды шырақпен қуаттауға болады

Смартфонды шырақпен қуаттауға болады

Қалта телефонын қарапайым шырақпен де қуаттауға болады.

 

Мұндай ерекше тәсілді америкалық өнертапқыштар ойлап тапты. Алдымен кішкентай генератордың ішіне су құйылады. Содан кейін шырақтың білтесі тұтандырылады. Сәлден соң, USB сымы арқылы телефонды қуаттай беруге болады. Осылайша смартфондармен қоса, фотоаппарат, планшет сияқты кішігірім гаджеттердің де күш-қуатын молайтуға мүмкіндік бар. Бір қызығы, қуаттағыш құралдың құны 60 доллардан аспайды. «Ең бастысы, бұл – электр қуаты жоқ аудандарда бірден-бір таптырмас құрылғы», - дейді ғалымдар.

 

Эндрю Бирнс, Stower компаниясының негізін қалаушы:

 

- Технология термоэлектроника қағидатына негізделіп отыр. Оттың көмегімен генератордың бір жағы ысиды. Ал оның жылуы жетпеген екінші жағы суық болып тұрады. Осылайша, температура айырмашылығының арқасында бір жақтан екінші жаққа ауысатын энергия диффузиясы пайда болады.

 

www.24.kz

 

Әлемде ең алғашқы ақ түсті лазер сыналды

Әлемде ең алғашқы ақ түсті лазер сыналды

Америкалық ғалымдар ақ түсті болып тарайтын лазерді ойлап тапты. Бұл өнертабыс нанотехнологияға негізделген. Оны үстел шамдарында, дисплейлер мен лазерлі Wi-Fi үшін қолдануға болады. Қарапайым лазер монохромды болып келеді. Ал ақ түсті лазер қызыл, жасыл, көк түстерді үйлестіру арқылы алынды.

 

Қалыңдығы бірнеше нанометрлік бет үшін в ZnCdSSe құймасы пайдаланылды. Зерттеу жұмыстарын АҚШ әскерилері қаржыландырды.

 

www.24.kz

Қазақстандық жастар 3D принтерін жасап шығарды

Қазақстандық жастар 3D принтерін жасап шығарды

3D форматтағы жаңа жоба қытайлық модельдің негізінде жасалған.

 

Алайда 400 мың теңге тұратын Қытай құрылғысының құны тым қымбатқа түскені рас. Ғалымдардың төл жобасын жасақтауға небәрі 89 мың теңге жұмсалған. Әріптерді тез теретіні өз алдына, жұмыс жасау кеңістігі де ауқымдырақ. Сондықтан оны болашақтың технологиясы деп толық сеніммен айта аламыз дейді жоба авторлары.

 

Ізденімпаз жастар жыл соңына дейін 3D үлгісіндегі тағы 5 принтер жасақтауды жоспарлап отыр. Өнімді сериялы түрде өндіріске енгізудің бизнес жоспары да дайын тұр. Айта кетерлігі, енді жасалатын принтерлерге қажетті қосалқы бөлшектердің сызба нұсқалары осы дайын болған құрылғының көмегімен жасақталмақ.

 

Отандық 3D принтерлерді жоғарғы оқу орындары мен мектептер, сонымен қатар жобалау институттары мен сәулетшілер сатып ала алады. Ал онымен қалай жұмыс істеу керектігін тегін үйретеміздейді ғалымдар. Өнімнің сертификатын алу – алдағы күннің еншісіндегі шаруа.



www.24.kz

 

Павлодарда өнертапқыштардың республикалық жарысы өтеді

Павлодарда өнертапқыштардың республикалық жарысы өтеді

2015 жылдың 12-13 мамырында өтетін республикалық жарыста облыстық, қалалық (Астана және Алматы) кезеңінің женімпаз командалары бақ сынайды. Жарыс Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында  өткізілмек.

 

Мұнда жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары авто, әуе, зымыран, кеме модельдері және робот техникасы бойынша жарысады.

 

Шарада топтық жарыстар, техника көрмесі, шеберлік сыныптар, қолдан жасалған робот моделдерін көрсету бойынша шығармашылық байқау ұйымдастырылады. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар тапсырылады.

 

Республикалық жарыс оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық пенқұрастырушылық ойлау қабілетін дамытуға, жас техниктерді зерттеушілікке және өнертапқыштыққа баулуға, робот техникасын дамытатын әр түрлі білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына бағытталған.

 

www.edu.gov.kz

Шымкенттік ғалымдар кептірілген шұбат ұнтағын шығарды

Шымкенттік ғалымдар кептірілген шұбат ұнтағын шығарды

Шымкенттік ғалымдар шұбатты кептіріп, оның сақталу мерзімін ұзарту тәсілін ойлап тауыпты. Оқымыстылар түйе сүтiнен балқаймақ пен таблетка өндірген.

Ғалымдар қымыраннан жасалған өнімдерді ғарышкерлерге тағам ретінде қолданып көрмек. Өйткені, шұбат адам бойындағы қан қысымын реттеп, өт жолдарының жұмысын жақсартады екен.

Суға араласқан құрғақ шұбат бір тәулікте пайдалы өнім болады.

Мұсатіллә Тоқановтың ғылыми орталығы шағын сүт зауытынан кем емес. Мұнда шұбаттың құрамын зерттеп, дайын өнім шығаратын арнайы қондырғылары да бар. Ғалымдар қымыраннан жасалған өнімдерін патенттеген. Құрғақ шұбат экспорттауға қолайлы. Таблеткаларды екі жылға дейін сақтауға болады.

Мамандар табиғи өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынбақ.

Емдік қасиеті мол шұбаттың ұлттық брендке айналуы да ғажап емес. Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәстүрлі сусынды жоғары бағалап отыр.

 

www.khabar.kz

Павлодарлық өнертапқыш автоматтандырылған бесік ойлап тапты

Павлодарлық өнертапқыш автоматтандырылған бесік ойлап тапты

Астана қаласында өткен «Жас жасампаздар жобасы» республикалық байқауында павлодарлық оқушы Нұржан Баисов автоматтандырылған бесікті көпшілік назарына ұсынды.

Заманауи бесікті дайындауға 3 ай уақыт кеткен. Ішіне  мотор орналастырылған құрылғы бала жылаған кезде автоматты түрде тербетіп, сәби дәретке отырған кезде хабар береді. Тағы бір ерекшелігі – сыртқы магнитті өрістерден қорғап, кез келген электронды құралдан шығатын зиянды толқындарды өшіреді. Осылайша, сәби үшін қауіпсіз орта қалыптастыратын аталмыш құрылғы болашақта жетілдірілмек.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам зияткердің басын қосқан шарада Әділет Ырымбеков пен Аслан Расбаевтың мини сумосы 1-ші орынды жеңіп алып, алтын медаль мен жүз мың теңге сыйақыны қанжығалады. Ал жалпыкомандалық есепте Ғалымбек Әбішев, Марат Абулқайыров, Алдияр Дайырбеков пен Нариман Данияр, Вячеслав Рахманов пен Ернар Аймағанбетов күміс пен қола медальдарға қол жеткізді.

«Оқушылар үш өлшемді  графика бойынша 3D принтері арқылы саусақтары жоқ мүмкіндігі шектеулі жандарға «протез қол»  мен геометриялық фигуралардың аудандарын есептеп шығарудың тиімді жолы мен суморобот ұсынды. Айта кетерлігі, павлодарлық шәкірттер ойлап тапқан «протез қол» – республика көлеміндегі бірегей жоба. Келешекте механикалық протездің автоматтандырылған түрін жасау жоспарда бар. Демек, жоба мидың белгісі арқылы басқарылатын дәрежеге жетеді, - дейді жоба үйлестірушісіЕрхан Міндетбай.

 

www.pavlodarnews.kz

 

Астанада «Шапағат – 2015» республикалық өнертапқыштар байқауы өтті

Астанада «Шапағат – 2015» республикалық өнертапқыштар байқауы өтті

«Шапағат» республикалық байқауы – өнертапқыш пен инвестор арасындағы диалог түрі, сондай-ақ, еліміздегі инновациялық қызметті кеңінен дамытудың жаңа сатысы болып табылады.Байқаудың басты ерекшелігі озық шыққан жобалар инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.

Аталмыш сайыс қорытындысында өнертапқыштар саны көбейіп, өзге жас таланттардың қызығушылығы оянады. Осылайша, Қазақстан технологиялық, инновациялық дамыған  елдердiң қатарына қосылудың мүмкіндігі ашылады.

Байқаудың ұйымдастырылуы, мақсат-міндеттері мен қорытындысын студия қонағы – ҚР Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтында Алма Төлеухановадан естиміз.

Астанада «Шапағат-2015» атты өнертапқыштар арасындағы жарыстың жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Шапағат-2015» атты өнертапқыштар арасындағы жарыстың жеңімпаздары марапатталды

Өнертапқыштарды ынталандыруға бағытталған бұл бәйге бес номинациядан тұрады. Атап айтсақ, жеңімпаздар «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Ең жас өнертапқыш», «Жас дарын» және «Ең белсенді өнертапқыш» атты бес аталым бойынша марапатталып отыр. 

Байқаудың қорытындысы бойынша өнеркәсiп саласында «Роторлы-поршендi iштен жану қозғалтқышын» жасап шығарған Федор Олифиренко «Ең үздiк жыл өнертабысы» аталымы бойынша жеңiмпаз атанды. «Ең үздiк өнертапқышәйел» бойынша желдi генераторлардың патенттерiне авторлас Альмира Жилкашинова үздiк деп танылды. «Ең белсендi өнертапқыш» болып жаңартылған энергия саласында 15 патенттiң иесi Александр Сложеникин атанса, «Ең жас өнертапқыш» атағына 17 жасар Нұркен Маратов лайық деп танылды. Ал Қызылорда облысының тумасы, 11сынып оқушысы Бағлан Төлебай тоғызқұмалақ ойынының электрондық әлiппесiн жасап, «Жас дарын» аталымын жеңiп алды. Жеңiмпаздармен қатар осы саладағы бiрқатар азаматтарға Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан үлесi үшiн «Шапағат» дипломдары табысталды

Биылғы байқаудың өтуіне ҚР Әділет министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестиция және даму министрлігі үлес қосқан.

 

www.inform.kz

Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап тапты

Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап тапты

Швейцария астанасы Женева қаласында Халықаралық инновация көрмесі осымен 43 мәрте өткізіліп отыр. Айтулы көрмеге әлемнің 48 мемлекетінен 750-ден астам өнертапқыштары қатысып, өз туындыларын паш етуде.

Жыл сайын өтіп отыратын көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнертапқыштар техниканың адамзат игілігіне қызмет етуін түрлі жолдармен оңайлата түскен туындыларын ұсынады.

Биылғы жылғы көрменің басты жаңалықтарының бірі – Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны Ахмед Маджанның жасап шығарған ерекше ертоқымы болды. Жаңа заманға лайықталып жасалған ерекше ертоқым гироскоп, компас, GPS бағыттаушы және салқындату жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, тұлпар қожайыны қолындағы тетікті басу арқылы атының тұрған жері мен шабандоздың жылдамдығы жайлы да ақпарат ала алады.

 

www.muslim.kz