Белгілі композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

Белгілі композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

Биыл еліміздің маңдайалды тұлғасы, талантты сазгер Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды.

 

Маусымның 17-18 күндері сазгердің шығармашылық кеші туған өлкесі Ақтөбеде өтеді. Онда Б. Оралұлы атындағы халықаралық «Елім» атты ән байқауы ұйымдастырылмақ.

 

Бейбіт Оралұлының әндері халықаралық конкурстарда орындалып, әлемдік сахнада шырқалды. Өнерсүйер қауымға лирикаға толы әсем әндерімен танымал композитор қазақ эстрадасының жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосып келеді.

 

Бейбіт Оралұлы Бірімғазы – 200 жуық әннің авторы. Олардың қатарында Алтынай Жорабаеваның «Мұны неге білмейсің?», «Жүрші сәулем, ауылға» әндері, Гауһар Қаспақованың «Сүйеді екем», «Алғашқы көктем», «Неге?» әндері, Роза Рымбаеваның орындауындағы «Нұр бейнең», «Сол бір кездер» әндерімен қатар Өмірқұл Айниязовтың ән қоржынындағы танымал «Елім» әндері халықтың жүрегінен орын алды. 

 

Сондай-ақ, ресейлік «НА-НА» тобы орындаған хит әндерінің бірі  «Боз жорға» да Б. Оралұлының туындысы.

 

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Б. Оралұлы 1955 жылы 2 маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Президенті сыйлығына, 1999 жылы Қазақстан Республикасының ең үздік композиторы атағына ие болды.

 

Бүгінде ол Алматыдағы «Боз жорға» атты өнер студиясында өз шәкірттерін тәрбиелеуде.

Өмірқұл Айниязов өнер мектебін ашады

Өмірқұл Айниязов өнер мектебін ашады

Сахнада 20 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Өмірқұл Айниязов шәкірт тәрбиелеп, шоу-бизнесте жаңа жұлдыздар жағуды жоспарлап жүр. Әнші жуырда «Өмір» деп аталатын өнер мектебін ашпақ.

Қазір ол талантты жастарды іздейтін іріктеуді бастап кетті. Білім алатын орынды дайындап, жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтаған көрінеді. Қажетті техникалық құралдармен жабдықталған мектебінен елдің сүйікті әншілері шығатынына сенімді.

Өмірқұл Айниязовтың өз қоржынында 200-ден астам ән бар. Жағымды жаңалығымен бөліскен өнер иесі 2015 жылдың желтоқсан айында Алматыда есеп беру концертін өткізбек.

 

www.baistars.kz

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 31.12.2014

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 31.12.2014

Бағдарлама тақырыптары: Салтанатты кешке арналған әдемі әшекей жасап үйренейік!; «Жігіттер» квартетінің әншісі балалар үйін құттықтады; Студия қонағы – жазушы Зейнеп Ахметова және ҚР мәдениет қайраткері, әнші Өмірқұл Айниязов.