«Гауһартас» тобы әйгілі түрік телехикаясына саундтрек жазды

«Гауһартас» тобы әйгілі түрік телехикаясына саундтрек жазды

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Қазақстандық нумизмат Дархан Ересенов көне тиындардың тарихын баяндайды;

 - Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің трейлері шықты;

 - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ерекше лазерлік шоу көрсетілді;

 - Елімізде отандық дизайнерлердің сән апталығы өтті;

 - «Гауһартас» тобы «Құлпынай иісі» атты әйгілі түрік телехикаясына саундтрек жазды;

 - Студия қонағы – «Гауһартас» тобы.

Берер өнегесі жоқ 120 әнге тыйым салынды

Берер өнегесі жоқ 120 әнге тыйым салынды

Қытай билігі қоғамға қауіпті деп тапқан 120 әнге тыйым салды. CNN ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, Қытайдың мәдениет министрлігі бұл әндер зорлық-зомбылықты, бағынбауды, т.б. өзге де өнегесіздікті насихаттайтынын алға тартып отыр.

 

Айтуға, эфирден беруге тыйым салынған әндердің арасында «Ақша жоқ болса, дос та болмайды», «Мектепке барғым келмейді», «Кездейсоқ байланыс» секілді тақырыбының өзінен өнегесіздіктің сарыны білінетін әндер бар. Қара тізімге ілінген әндер ғаламтордан алып тасталынатын болады. Ал заңға бағынбағандар қатаң жазаланады. 

 

www.islam.kz

 

Әлішер Кәрімов Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жаңа бейнебаян түсіруде

Әлішер Кәрімов Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жаңа бейнебаян түсіруде

Танымал әнші Әлішер Кәрімов өзінің жаңа бейнебаянын Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Инстаграмм парақшасында жазған.

 

«Мен дүниедегі ең бақытты адаммын, себебі  әлемнің ең керемет елінде өмірге келдім! Біздің елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті, тыныш өмір сүруде. Таяуда менің сүйікті Қазақстаным туралы жаңа бейнем жарыққа шығады. Мен оны Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнадым! Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме!» - деді Әлішер Кәрімов.

 

www.inform.kz

 

Жайдары жан

Жайдары жан

Осы жолғы шығарылым ақын, композитор Исраил Сапарбайдың шығармашылығы мен адамдық болмысын ашуға бағытталды. Мінезі жайсаң, обал мен сауапты білетін шығармашылық иесінің туындылары да көркем, мазмұнды әрі адамшылық қасиеттерді айшықтаумен ерекшеленеді. 

 

Billboard 2015 жылдың үздік әндерін атады

Billboard 2015 жылдың үздік әндерін атады

Billboard журналы өз сайтында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы үздік әндерді атады.

 

Үздік орындаушылар тізіміне АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия әншілері кірді. Музыка сарапшылары бұл рейтингке Рианна, Канье Уэст пен сэр Пол Маккартнидің FourFiveSeconds атты бірлескен жұмыстары мен Florence + The Machine тобының жаңа альбомындағы Ship To Wreck композияциясы кіруі тиіс деп есептейді.

 

www.tengrinews.kz 

 

Белгілі композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

Белгілі композитор Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды

Биыл еліміздің маңдайалды тұлғасы, талантты сазгер Бейбіт Оралұлы 60 жасқа толды.

 

Маусымның 17-18 күндері сазгердің шығармашылық кеші туған өлкесі Ақтөбеде өтеді. Онда Б. Оралұлы атындағы халықаралық «Елім» атты ән байқауы ұйымдастырылмақ.

 

Бейбіт Оралұлының әндері халықаралық конкурстарда орындалып, әлемдік сахнада шырқалды. Өнерсүйер қауымға лирикаға толы әсем әндерімен танымал композитор қазақ эстрадасының жаңа бағытта дамуына өз үлесін қосып келеді.

 

Бейбіт Оралұлы Бірімғазы – 200 жуық әннің авторы. Олардың қатарында Алтынай Жорабаеваның «Мұны неге білмейсің?», «Жүрші сәулем, ауылға» әндері, Гауһар Қаспақованың «Сүйеді екем», «Алғашқы көктем», «Неге?» әндері, Роза Рымбаеваның орындауындағы «Нұр бейнең», «Сол бір кездер» әндерімен қатар Өмірқұл Айниязовтың ән қоржынындағы танымал «Елім» әндері халықтың жүрегінен орын алды. 

 

Сондай-ақ, ресейлік «НА-НА» тобы орындаған хит әндерінің бірі  «Боз жорға» да Б. Оралұлының туындысы.

 

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Б. Оралұлы 1955 жылы 2 маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Президенті сыйлығына, 1999 жылы Қазақстан Республикасының ең үздік композиторы атағына ие болды.

 

Бүгінде ол Алматыдағы «Боз жорға» атты өнер студиясында өз шәкірттерін тәрбиелеуде.

Әнмен бірге нұр шашқан дидарынан...

Әнмен бірге нұр шашқан дидарынан...

Бағдарламаның бұл жолғы кейіпкері, белгілі әнші, ҚР халық әртісі – Нұрғали Нүсіпжанов. Саналы ғұмырын сахнаға арнаған өнер иесінің сабырлылығы мен адалдығы, жан шуағын шашатын мейірлілігі әрбір әуені мен сөзінен сезіледі. Сонысымен, өнерсүйер қауымына сүйкімді. Белгілі әншінің  әуендеріне құлақ түріп қаншама бүлдіршін  есейді, екі-үш ұрпақ ұлағат пен рухани ләззәт сезінді десеңізші?! Бағдарламаның басты тіңгегі де өнер майталманының болмысын ашуға бағытталған. 

«Еуровидение-2015» басталды

«Еуровидение-2015» басталды

Еуропаның танымал музыкалық шоуы «Еуровидение-2015» басталды. Былтырғы сайыста Кончита Вурст деген атпен белгілі австриялық Томас Нойвирт жеңіске жеткен болатын. Сондықтан биыл 60-шы рет өтетін халықаралық әндер сайысы Венада болады.

Екінші үміткер қала Зальцбург қаржылық себептерге байланысты ресми түрде сайысты өткізе алмайтынын жариялады.

Дәстүр бойынша басында көрермендер былтырғы жеңімпазды қарсы алды. Оның соңынан сахнаға 33 елден жиналған қатысушылар шықты. Олардың барлығын мыңдаған адам қошеметпен қарсы алды.

Бірінші жартылай финал бүгін, ал екіншісі 21 мамырда өтеді деп жоспарлануда.

Сайыс өтіп жатқан елдің өкілі «Би Мейк-мэкс» тобы 23 мамырда өтетін финалда өнер көрсетеді.

 

www.khabar.kz

Елордада «Жас қанат» республикалық байқауы өтеді

Елордада «Жас қанат» республикалық байқауы өтеді

29-31 мамыр аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат» жас әншілердің 24-ші республикалық байқауы өтеді.

Байқау ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы және «Азия дауысы» дирекциясы.

«Ең үздік орындаушы» атағына ие болу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды өнерпаздар сынға түседі. Сайыс 3 кезеңмен өтеді.

Биыл байқауға еліміздің 10 қаласынан 15 жас әнші қатысатын болады. Олардың қатарында алғаш рет сахна төрінде Екібастұз, Байқоңыр, Степногор қалаларының өкілдерде қабілеттерін паш етеді. Ең жас әнші 17 жаста болса, ең үлкені 26-да.

Ақтық сынға тек 3 үміткер өтеді. Жеңімпаздар дәстүрлі түрде байқаудың «алтын», «күміс» және «қола» қанаттарына ие болады. 

 

www.astana.gov.kz