"Қоңыр" тобының концерті

"Қоңыр" тобының концерті

"Қоңыр" тобы 2007 жылы топ продюсері Сержан Молдасанұлының ұйымдастыруымен құрылды. Топтың алға қойған мақсаты - қазақтың әнін заманауи эстрадалық бағытта ұлттық нақышын сақтай отырып насихаттау. Репертуары негізінен халық әндері мен халық композиторларының туындыларынан құралған. Өнер ұжымы алыс-жақын шет елдерде ұлттық өнерімізді кеңінен танытып келеді. Қытайда өткен Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы өнер фестивалінде Бас жүлдені иеленуі осының айғағы. Құрылғалы бері "Қоңыр" тобы өзінің ән орындау, сахналық киім таңдау мәнерінен айнымай, қарайымдылығы әрі қазақылығымен өз тыңдармандарын баурап, ел қошеметіне бөленіп жүр. 

Жәудір Артықбаева: «Алтын бесік» әнінің шығуына әкем әсер етті

Жәудір Артықбаева: «Алтын бесік» әнінің шығуына әкем әсер етті

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Қазақтың 15 іріктелген ертегісі 15 аудио-кітап болып жарыққа шықты;

 - Ақын Есей Жеңісұлының шығармашылығы;

 - Бөлме өсімдіктер дүниесі;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонағы – ақын Жәудір Артықбаева.