«Театр – менің өмірім»

«Театр – менің өмірім»

Бағдарлама көрсетілімі саналы ғұмырын киелі театр сахнасында өткізіп, талай спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған, сондай-ақ, кино әлемінде де біршама еңбегі бар дарынды актер Бақыт Тушаевтың шығармашылығына арналады.

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Әр актердың өзінің орны, сара жолы бар. Міне, сол актерлардың бірі әрі бірегейі – Оразхан Кенебаев.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әрі режиссер, әрі актер, әрі оқытушы болып қызмет атқарып жүрген талант иесі «Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс ел- шісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттың ғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнаған.  Сондай-ақ, «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні», «Әлия», «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде бас рөлдерді сомдаған.

 

Тума таланттың, еңбекқор режиссердің, әрі дарынды актердың шығармашылық жолы «Сахна сырлары» бағдарламасында толығырақ баяндалады.

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры актерлерінің сомдауындағы қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы.

 

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов.

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

10 қазанда «Абай» операсының үшінші тұсаукесерлік спектаклі өтеді

Алғашқы тұсаукесер қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды. Екі күн ішінде елордалық опера театрында 2 500 көрермен болды, олардың қатарында астаналық тұрғындар мен қонақтар, сондай-ақ, музыкатанушылар, музыка сыншылары мен «Абай» операсын тек шығарма ретінде емес, оны өмірдің бір бөлігі деп қабылдайтындар да бар.

 

10 қазанда тыңдармандар тамашалайтын басты орындаушылар құрамында: Абай – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев;   Ажар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова; Айдар – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин, Жиренше – Евгений Чайников;  Әзім– Рамзат Балақышиев; Көкпай – Талғат Ғалеев;  Қарлығаш – Татьяна Вицинская. Аталмыш спектакльде алғаш рет өнер көрсетіп, Сырттанның партиясын орындайтын тағы бір әртіс – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян;  Нарымбет – Ерұлан Кәмел;  Мес – Нұрлыбек Қоспармақов сынды өнерпаздар бар.

 

Дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» бас дирижері Алан Бөрібаев. 

 

www.astanaopera.kz

«Қаллеки» театры жаңа маусымды «Абай» трагедиясымен ашады

«Қаллеки» театры жаңа маусымды «Абай» трагедиясымен ашады

1 қазан күні Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ХХV мерейтойлық жаңа маусымды М. Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады.

 

Айта кетейік, театр ұжымы 20-24 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIII Республикалық фестиваліне В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде қойылған «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклімен қатысып, қойылым режиссері Қазақстанның халық артісі Талғат Теменов «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен марапатталды.

 

Жаңа маусымда шығармашылық топ М. Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесі бойынша жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» туындысының премьерасын ұсынбақ. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

 

«Қаллеки» театрының ұжымы Атырау қаласында қазан айында өтетін драматург, жазушы «Рахымжан Отарбаев» атындағы Театр фестиваліне автордың «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиясымен қатысады.

 

www.bnews.kz

Ақтөбеде қуыршақ театрларының фестивалі басталды

Ақтөбеде қуыршақ театрларының фестивалі басталды

Ақтөбеде «Ассалаумағалейкум» халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды. Өнерпаздар қаланың бас даңғылына салтанатты шеруге шықты.

 

Ақтөбе қаласына еліміздің әр өңірі мен Белоруссия, Башқұртстан, Қырғызстан, Чувашия, Татарстан және Ресейден келген өнерпаздар жиналды. Сәнді киінген балалар мен салиқалы халық әртістері бүгін қала халқын тағы бір қуантты.

 

www.bnews.kz

ШҚО-да драма театрлардың XXIII фестивалі басталды

ШҚО-да драма театрлардың XXIII фестивалі басталды

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында биылғы жылдың атаулы даталарына арналған, Қазақстан драма театрларының ХХІІІ республикалық фестиваліөтті.

 

Облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі салтанатты шараға жиналған қауымды құттықтап, еліміздің әр түкпірінен үкілі үміттерін арқалап келген сахна саңлақтарына сәттілік тіледі.

 

Айта кетейік, облыс орталығы Өскемен қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль, қыркүйек айының 21-і мен 24-і аралығында өткізілмек.

 

www.strategy2050.kz