Ұлттық қолөнер сұранысқа ие ме?

Ұлттық қолөнер сұранысқа ие ме?

Қазақ колөнерінің тарихы бай, тамыры тереңде жатыр. Бүгінде қазақтың ұлттық қолөнері сұранысқа ие ме? Кешегі ата-бабамыздан қалған асыл мұраны болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізе аламыз ба? Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін дамытудың жолдары қандай? Бұл сұрақтарға бағдарламаға келген арнайы қонақтар өз ойларын білдіреді.

Елордада Айжан Әбдубаиттың «Тарихтың алтын кестесі» атты көрмесі өтті

Елордада Айжан Әбдубаиттың «Тарихтың алтын кестесі» атты көрмесі өтті

Ертеден келе жатқан ұлттық киімдерді қайта жаңғыртып, халыққа таныстыру – жақсы үрдіс. Осы бастаманы қолға алған Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Айжан Әбдубаит ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тарихтың алтын кестесі» атты жеке көрмесін өткізді. Қазақ халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары көне «зерлеу» үлгісімен бедерленген.

Зерлеу – алтынмен тігу ғана емес, бұл өнердің тереңдігін, бүгінгі жеткен құндылығын айғақтайды. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Мұндай көркем әдіспен бақуатты адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. 

Зергерлік бұйымдарды жасау өнері

Зергерлік бұйымдарды жасау өнері

Қазақтың зергерлік өнерінің қайнары қола дәуірінен, сақ, үйсін, ғұн және түрік кезеңдерінен бастау алады. Зергерлік бұйымдардың синоптикалық құрылымының негізінде ескі замандардағы магикалық діни негіз жатыр.

Тері өңдеу кәсібі

Тері өңдеу кәсібі

Жануарлардың көркемделіп өңделген терісі – қазақтардың көшпелі мәдениетінің айырып алғысыз бөлшегі болған. Теріден киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй тұрмысына қажет мүліктерді, аттың әбзелдері мен қару-жарақтың бөлшектері жасалатын.

Көркемдік құндылығы жоғары киіз үй басу өнері

Көркемдік құндылығы жоғары киіз үй басу өнері

Қазақ халқының сан-алуан дәстүрлерінің ішінде киіз басу өнері басты орын алады. Қазақтың киіз үй басу өнері – үй-тұрмыстық кәсіп болуымен қатар, көркемдік құндылыққа ие кәсіпке жатады.