«Қайырлы таң» бағдарламасы. 08.04.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 08.04.2015

Бағдарлама тақырыптары: Наурыздың табиғаты мен тарихы жайлы еңбектер; Қазақ радиосының сандуғашы – Сауық Жақанованың туғанына 70 жыл; Қазақ-британ техникалық университетінде күн батареясының желісі жолға қоылды; Студия қонағы – «Сырласу» журналының бас редакторы Кәмшат Әкімқожақызы. 

Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова 70 жасқа толды

Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова 70 жасқа толды

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген әртіcі, жоғары категориялы диктор, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Сауық Жақан Мәсіғұтқызы 70 жасқа толып отыр. «Қазақтың Левитаны» атанған Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевтың мектебінен өтіп, шәкірті атанған Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова он жеті жасынан еңбекке араласқан дарынды журналистердің бірі.    

Жарты ғасыр диктор болып қызмет атқарған Сауық Жақанова  осы уақыт аралығында ойға түйгенін, бұл мамандықтың қадір-қасиетін былайша бағалайды:

«Радио тыңдаушыға дыбыстап оқу, сөйлеу арқылы жететін ақпарат құралы болғандықтан, бірінші диктордың  даусына мән беріледі.

Бұрын дикциясына, таным-түсінігіне, ырғақ екпініне, таза анық сөйлеуіне, тіл ерекшелігіне қарап дикторды таңдап алатын. Халықтың түсінігінде диктордың радиодағы алатын орны өте жоғары болды. Әнуарбек Байжанбаевтың өзі айтқандай, «енді дикторға сенбей көр» деген пікір қазақ даласын шарлап кеткен. Ол Байжанбаевтың феномендігі, хас дарындылығы. Әнағаң ешқандай декорациясыз, қимыл-әрекетсіз, ауыздан шыққан сөз арқылы тыңдаушы қиялын асқақтатып жіберетін. Бейне ретінде оқиғаны  көз алдына алып келетін.  Бүкіл дикторлардан соны талап ететін, олар соған тырысатын. «Диктор болу - өнерлі болу» деген сөз, ол өнердің ерекше бір түрі, табиғи  нанымды сөйлей алумен қоса, білімділікті қажет ететін өнер» деп орыс ғалымы  Всеволод Аксенов айтқан екен. Театр өнерінің атасы Станиславский де «Дұрыс сөйлеу дегеніміз көңіл көзімен суретті образ жасау», - деген болатын.

Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Еркіндік аулында дүниеге келген. Ол  1966-2002 жылдары Қазақ радиосында диктор болса, 1998-2000-жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000-2013 жылдары Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқытушылық етті.

 

www.inform.kz