Әуезов театрының кесек актеры

Әуезов театрының кесек актеры

Әр актердың өмірі құпияға толы, оны қанша зерттесең де толық аша алмайсың. Әйтсе де, актердың халыққа берер тағылымы мол. Сондай жанның бірі, өзінің өнерімен көпке өнеге болып, көптің сүйіктісі атанып жүрген Айдос Бектеміров жайлы не білесіз? Оның да айтылмаған, ашылмаған сырлары бар шығар? Мұхтар Әуезов театрының талантты актеры, кесек актеры атануының себебі неде? Сахна сырлары бағдарламасынан көріңіздер.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қойылымда 500 актер ойнайды

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қойылымда 500 актер ойнайды

Қазақ хандығының жарты мыңжылдығына орай Әуезов театрының ұжымы ауқымды спектакль дайындап жатыр. Жабал Ерғалиевтің "Қилы жол" шығармасының желісіндегі қойылымға Керей мен Жәнібек тұсындағы оқиғалар арқау болған. Спектакльге ұзын-ырғасы 500-ден астам актер қатысды. Жазғы демалыс маусымына қарамастан, Әуезов театрының ұжымы қазір қызу жұмыс істеу үстінде.

Сонымен қатар, шығармада 1465 жылғы елеулі оқиға, яғни Керей мен Жәнібектің қазақ хандығының қазығын қаққаны баяндалатыны айтылады. 1 сағатқа жоспарланған спектакльде Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр ханнан бөлініп, азаттық пен бостандықты арман еткен қалың қазақты артынан ертіп, бір ту астына жинаған кезеңі бейнеленеді.

Қойылымның қоюшы-режиссері Әубәкір Рахимовтың айтуынша, қазіргі кездерде әртүрлі ұғымдар, әртүрлі алып қашпа сөздер шығып жатыр. "Қазақ елі болмаған, қазақ мемлекет болмаған, қазақтың жері болмаған» деген сөздер айтылып жатыр. Керек десеңіз, біздің жеріміз анау Алтайдан бастап, сонау Еуропаға дейін кетіп қалады. Еуропаға дейін, Еуропа халқына, Рим империясына азаттық алып берген қазақ екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан Қазақ елі, мемлекеті деген осы тарихи дүние, Керей мен Жәнібектен басталады. Біздің қойып жатқан спектакліміз сол туралы", - деді қоюшы-режиссер.

Қойылымда хандықтың қалай құрылғаны, ол кездегі талас-тартыс, қилы заман егжей-тегжейлі көрсетіледі. Ашық аспан астында, үлкен стадионда қойылатын ауқымды спектальде Әуезов театры мен Тараз қаласының 500-ден астам әртісі атсалысады. 200 актер жауынгердің ролінде ойнап, сахналық шайқастарға жауапты болса, 150-ден астам адам би көріністерін жасайды. ХV ғасырдағы көшпенді қазақтың бай мәдениеті қамтылатын қойылымды жұтаң етіп көрсетпеу үшін арнайы костюмдер мен безендірулер әзірленіп жатыр.

Ал театрдың бас суретшісі Есенгелді Тұяқов жауынгерлердің киімі сипаттап берді. "Арнайы сауыт-сайман, қару-жарағы бар 30 жауынгерлік костюм тіктірдік. Сондай-ақ 200 сарбазға арналған киім үлгісін жасадық. Олар да әртүрлі қылыш, қалқандарымен және найзаларымен жасақталған. Қойылым алаңда өтетіндіктен, ауқымды әрі көрер көзге ерекше әсерлі, қызықты болуы тиіс. Сондықтан 3 қабатты ауқымды декорациялар құрамыз. Ақ киізге отырғызып, хан көтеру рәсімін де ерекше көрсетеміз", - деді Тұяқов.

"Қилы жол" қойылымын барша көрермен қазан айында Тараз қаласының орталық стадионында тамашалай алады. Қазақ хандығының жарты мыңжылдығын тойлау барысында жарыққа шығатын спектакльге Елбасының өзі арнайы келіп қатысады деп жоспарланып отыр.

www.almaty.tv/kz


Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazak-handyigyinyin-550-jyildyigyina-arnalgan-koyyilyimda-264199/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

ӨНЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰМАРЛЫҚ

ӨНЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰМАРЛЫҚ

«Көзінің оты әлсіреген емес. Кененбай Қожабеков ағаны кино саласы арқылы таныдық. Ол кісінің киноларының бәрін кішкентайымыздан асқан құмарлықпен тамашаладық. «Шабандоз қыз» фильміндегі Айдарды ойнағаны менің жадымда жақсы сақталған. Айдарға еліктедік, Айдар болып атпен жүйіткіп, Айдар секілді ғашық болсақ дедік. Айдар сияқты мінезді, Айдар тәрізді тапқыр, ақылды болғымыз келді. Осының бәріне жетелеген – актердің қабілеті, таланты. «Қыз Жібек» фильмінде Сырлыбайды ойнады. Қандай кең, маңғаз, асықпай сөйлеп, байсалды шешетін, түйіліп отырып түйінін айтатын, қазақ сахарасының кемеңгер, данагөй ақсақалының бейнесін жасады. Ол кісінің актерлік көзқарастары, психологиялық сәттерде толқымай, не асып кетпей, не кем түспей, өмірдің өзіндей етіп дәл беруі кез келген жағдайдағы жан дүние құбылулары актер ретінде мені ылғи тәнті ететін. Қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрының негізін қалаушылардың бірі болды. Сондағы басты кейіпкерлерді ойнады. Сондай талантты адамның өнерін қиып тастаған қатыгездерге не айтуға болады? Қоларбаға отырып қалғандағы театрға деген ынтықтығын қарасаңызшы! Екі-үш жігіт көтере-мөтере қай театрдан болса да қалмайтын»

 

Әшірбек Сығай  театртанушы, сыншы, профессор 

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 22.05.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 22.05.2015

Бағдарлама тақырыптары: Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Алдар Көсе» қойылымының тұсаукересі өтті; Алматыда VII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті; Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қоянқос ауылында ескерткіш бой көтерді; Студия қонағы – жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш.