«Арқайым» тобының шығармашылық кеші

«Арқайым» тобының шығармашылық кеші

«Арқайым» этно-фольклорлық тобы 2014 жылы құрылды. Топ мүшелері 30 шақыт меңгерген музыкалық аспаптарды кәсіби музыканттар. Репертуары халық ән-күйлерімен, өз туындылары, сондай-ақ, көнемен ән айту дәстүрін де насихаттайды. Топтың құрылғанына аз уақыт болса да Венгрия, Ресей, Франция, АҚШ, Қытай елдерінде жеке концерттерін беріп үлгерді.

Дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші

Дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен Қазақстанның халық әртісі, күйші, Парасат орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған еске алу кешін тамашалаңыздар!

Дирижер, ұстаз Жалғасбек Бегендіков шәкірттерінің концерті

Дирижер, ұстаз Жалғасбек Бегендіков шәкірттерінің концерті

Ахмет Жұбановтан бастау алған қазақтың кәсіби дирижерлік мектебінің алыптары Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев сияқты дара тұлғалардың төл шәкірті, ісін жалғастырушы ізбасары, талантты дирижер. Аталары Маңғыстау топырағында дарабоз күйшілер Өскенбай, Мұраттармен қатар жүріп күй тартысса, нағашы атасы қобызшы әрі атағы елге мәлім қолөнер шебері болған. Республикамыздағы бірнеше айтулы оқу орындарында шәкірт тәрбиелеп отырған Жалғасбек Бегендіков қазіргі таңда ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, сондай-ақ, профессор.

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі кіші студенттік қазақ ұлт аспаптар оркестрі

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі кіші студенттік қазақ ұлт аспаптар оркестрі

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі республикамыздағы 80 жылдық тарихы бар кәсіптік орта білім беретін оқу орны. С. Камалов, А. Жұбанов, М. Қойшыбаев сынды беделді өнер қайраткерлері басқарған білім ошағы Қазақстандағы музыка өнерінің кәсіби түрде дамуына елеулі үлес қосып келе жатыр. Жеке аспапта орындаушы және ансамбль артистерін дайындау үшін оркестрдің алар орны ерекше. Сондықтан мұнда әртүрлі студенттік ансамбльдер мен оркестрлер ұйымдастырылған.

«TIGRAHAUD» этно-рок тобының өнері

«TIGRAHAUD» этно-рок тобының өнері

«TIGRAHAUD» этно-рок тобы 2013 жылы Талдықорған қаласында құрылған. Ұжымның басты мақсаты – ұлттық музыка, оның ішінде халық композиторларының туындыларын көпшілікке жаңа үрдісте насихаттау. Негізгі құрамы – домбыра, қыл қобыз, гитара, бас гитара, ұрмалы аспаптар және қазақтың көнеден келе жатқан саз сырнай, сыбызғы, шертер, барбыт, ұран, асатаяқ, шаң қобыз, дауылпаз сияқты аспаптармен толықтырылған. Қазіргі таңда топтың репертуарында біршама қазақ халық композиторларының шығармалары өңделіп, тыңдарманын табуда. 

«Хассақ» этно-фольклорлық ансамблінің концерті

«Хассақ» этно-фольклорлық ансамблінің концерті

2010 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Ілиясованың демеуімен құрылған «Сақ» этно-ансамблі 2013 жылдан бастап, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ержан Жәмеңкеевтің жетекшілігімен «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблі болып қайта жасақталды. Аз уақыт ішінде тартымды репертуары және орындаушылық шеберліктерімен көзге түсіп үлгерген ансамбльдің құрамы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектері мен студенттерінен құралған. 

Асылбек Еңсепов: Қазақ күйшілерінің санын көбейту мақсатында домбыра мектебін аштым

Асылбек Еңсепов: Қазақ күйшілерінің санын көбейту мақсатында домбыра мектебін аштым

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Режиссер Данияр Саламаттың «Әкем екеуміз» фильміндегі әлеуметтік мәселелер;

 - Өз ісінің шебері, белгілі бет әрлеуші Эльосин Зегиши тәжірибесімен бөлісуге Алматыға келді;

 - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына – 70 жыл;

 - Студия қонағы – күйші-домбырашы Асылбек Еңсепов.