Өзін-өзі тану + қазақ тілі

Өзін-өзі тану + қазақ тілі

Әрбір пән оқушыға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырса да, баланың жеке тұлға ретінде ашылуына мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан соңғы кездері білім ордалары негізгі пәндерді өзін-өзі тану пәнімен біріктіріп өткізу тәжірибесін кеңінен қолданып келеді. Бағдарламаның кезекті санында өзін өзі тану пәнінің қазақ тілі сабағымен ықпалдасу үдерісі қалай жүргізіліп жатқанына куә боламыз. 

Компьютер баланың көру қабілетін төмендетеді

Компьютер баланың көру қабілетін төмендетеді

Күн өткен сайын балалардың компьютерлік ойыдарға деген тәуелділігі артып барады. Ондай ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш етектен. Ол баланың ой-өрісінің дамуын шектейді, мінез-құлқының өзгеруіне де алып келеді. Сіздің баланың тәрбиесімен кім айналысып жатыр? Сіз бе, әлде ғаламтор ма? Балаларға компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?

Баланы бесіктен...

Баланы бесіктен...

Осы бағдарламаның қонағы ретінде студияға «Мега интеллект» жеке тұлғаны дамыту орталығының директоры Лаура Сақанова шақырылған. Білікті маман бүлдіршіндердің дамуына байланысты әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген тәсілдер турасында әңгіме өрбітеді.

Мемлекеттік балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлек топтар ашу қажет

Мемлекеттік балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлек топтар ашу қажет

Еліміздегі мемлекеттік балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлек топтар ашу қажет. Бұл туралы Алматыда Ардагерлер үйінде өткен қайырымдылық шара барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбекова айтты.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан, өз ортасынан шеттетуге болмайды.

 «Мүмкіндігі шектеулі балалар да мемлекеттің азаматы. Егер олар да қоғамның толыққанды азаматы болып өссін десек, оларды бала бақшадан бастап өз ортасына қосып, өмірге, еңбекке бейімдеу қажет. Әрине, отбасында осындай балалардың туылуы ата-ана үшін үлкен қасірет. Әсіресе анасы қиналады. Ол жұмыс істеуден қалады. Ақшадан тарығады. Оның үстіне мұндай балалар тек үйде тәрбиеленетіндіктен мектеп жасына дейін лайықты білім ала алмайды», - деді Ж. Омарбекова 

Ол осыған байланысты мемлекеттік бала бақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлек топтар ашу туралы арнайы жоба әзірлегенін жеткізді.

«Мен бұл жобаны ұлттық комиссияның қарауына ұсындым. Дегенмен, әзірге кейінге қалдырылды. Бірақ, қабылданатындығына бек сенімдімін. Өйткені, бұл жобаның мемлекетке тигізер пайдасы өте зор. Көп қаржы да талап етпейді. Түсінемін, қазір дені сау балалардың өзіне орын жете бермейді. Бірақ, егер мүгедек балаларды бала кезінен өз ортасына бейімдеп, қатарынан қалдырмай, қоғамның толыққанды мүшелері екендіктерін бойларына сіңдіріп өсірек, олар мемлекеттен тек жәрдемақы алатындар болып ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір еңбектерге жарамды азаматтар болып өседі», - деді Ж. Омарбекова.

 

www.inform.kz