Швейцарлықтар бастауыш сыныпта 6 жыл оқиды

Швейцарлықтар бастауыш сыныпта 6 жыл оқиды

Швейцарияда мектепке дейінгі білім алу міндетті емес. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі балаларын ерте жастан балабақшаларға береді. Тіпті, мұнда баланы 4 айлығынан бастап қабылдай береді. Балабақшада баланы мектепке дайындап, қоғамдағы рөлін түсіндіреді. 

 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқыту жүйесі тым бөлек. Барлық сабақ ойын түрінде өткізіледі. Ал балалар «Өзім орындаймын!» деген қағиданы ұстануы тиіс. Тәрбиеші тек қана жол сілтеп, қауіпсіздігіне жауап береді. Балабақша көркем оқу, көркем жазу және математика пәндері оқытылмайды. Тек қана ойын ойнатылады. Сонымен қатар, неміс және швейцар диалектілеріне тән сөздерді, сөйлемдерді қайталап, ән айтып, тақпақтар жаттайды. Нәтижесінде бала қос тілге жаттығып, өз бетімен сабақ оқуға дағдыланады.

 

Бастауыш сыныпқа оқушылар 4 жастан бастап қабылданады. Қазіргі таңда бұл елде мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш сыныпты біріктіру қолға алынып жатыр. Швейцарияда бастауыш сыныпта білім алу міндетті және мемлекеттік мектептерде оқу тегін. Швейцарлық оқушылар бастауыш сыныпты алты жыл оқиды. Мектепке қабылданған кезде ешқандай емтиханнан не тесттен өтпейді.  

 

Жалпы, Швейцарияда білім берудің негізгі діңгегі – көп тілді қатар меңгерту. Бұл елдің оқу бағдарламасының білім беру стандарты бойынша әрбір мектеп бітіруші үш тілді меңгеріп шығуы міндетті. Олар – ағылшын және қалаған екі тіл.

 

Швейцарияда міндетті орта білім алу жүйесі Secondaire I деп аталады. Яғни, оқушы бастауыш сыныпты  және орта білім алудың алғашқы сатысын оқуы міндетті. Демек, бұл білім алу жүйесінде оқушы 6-15 жас аралығында білімнің іргетасын қалайды.

 

Ал орта білімді толық меңгеріп шығу Secondaire II деп аталады. Бұл оқу бағдарламасында оқушы Secondaire I бағдарламасынан кейін 3-4 жыл қоса оқиды. Орта білімді толық меңгерген оқушы 18-19 жасында аттестатқа ие болады.

 

Олардың бағалау жүйесі біздің бағаларымызбен салыстырғанда әлдеқайда өзгеше.Оқушылардың білімі 1-6-ға дейін бағаланып отырады. Яғни, үздік оқушының күнделігіне «алтылық» қойылады. Ал қанағаттанарлық деген білімді мұғалім «4»-пен бағалайды. 

 

massaget.kz

Құны 750 мың долларлық сағат

Құны 750 мың долларлық сағат

Лондондық Sothebys бәссауда үйінде ерекше лот 500 мың фунт стерлинге сатылды. Ол – Уинстон Черчилге тиесілі, сыйға тартылған циферблатында айдаһарды өлтірген Қасиетті Георгий бейнеленген сағат.


Сағат тілі үш тісті, ал екінші жағында victory сөзінің алғашқы «v» әрпі, сондай-ақ, сыйға тартылғандығы ойылып жазылған.


Атаулы сағатта Луи Коттенің механизмі бар және швейцар шеберлері жасаған. Небәрі төрт дана. Олар төрт дос мемлекет басшылары – Уинстон Черчилл, Гарри Трумен, Шарль де Голл және Иосиф Сталинге арналған.

 

www.aikyn.kz

Әлемнің ең қымбат 10 қаласы белгілі болды

Әлемнің ең қымбат 10 қаласы белгілі болды

Көшті швейцариялық Цюрих шаһары бастап тұр. Рейтингте тұрғындардың жалақысы мен тұтынатын тауарларының құны ескерілген. Осылайша Цюрихте 3 адамнан тұратын отбасының қалыпты өмір сүруі үшін айына 3600 доллар керек екен. Дей тұрғанмен, бұл рейтингте олардың пәтер жалдап тұру құны есепке алынбайды. Екінші орынға Швейцарияның тағы бір қаласы - Женева көтерілді. Ал үшінші орынға Нью-Йорк табан тіреп отыр. Айта кетейік, әлемнің ең қымбат қалалардың тізімін Швейцариялық UBS банкі құрған. Әр 3 жыл сайын мәлімет жаңартылып отырады.

 

www.24.kz

2026 жылға дейін ғалымдар адам миының компьютерлік үлгісін жасап шығармақ

2026 жылға дейін ғалымдар адам миының компьютерлік үлгісін жасап шығармақ

Зертханалық тышқандардың орнын олардың виртуалды көшірмелері баспақ.

Швейцарияда ғалымдар тышқан миының қарапайым компьютерлік үлгісін ойлап шығарды. Мамандар бұл қадам 8 жылдан кейін адамның жасанды миын шығаруға көмектесетінін айтып отыр.

Жасанды ақыл ойлап табуға тырысатын ғалымдар бұл салада бір қадам ілгерілегендерін жеткізді.

Мамандар тышқан миының қарапайым компьютерлік үлгісін жасап, кейіннен оны виртуалды денеге орналастырған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жануарлар зертханалардағы тышқандардың орнына қолданылмақ.

Ғалымдар бұл жобаға күллі әлемнің мамандарынан жинаған мәліметтерді қолданды. Тышқанның миы шамамен 75 миллион нейроннан тұрса, кеміргіштің компьютерлік миы 200 мың нейроннан ғана құралған. Алайда, мамандар бұл көрсеткіш технологияның дамуына қарай арта береді деп сендіруде. Болашақта ғалымдар 80 миллиард нейроннан тұратын адам миының үлгісін де жасап көрмек.

Бұл – Еуроодақ тарапынан қаржыландырылып отырған ең озық ғылыми жобалардың бірі. Жоспар бойынша ғалымдар адам миының үлгісін 2026 жылға дейін жасап шығаруы керек. Бұл ең алдымен неврологтар мен психиатрлардың түрлі аурулардың себебін түсінуіне көп көмек болмақ.

 

www.24.kz

Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап тапты

Өнертапқыш ерекше ертоқым ойлап тапты

Швейцария астанасы Женева қаласында Халықаралық инновация көрмесі осымен 43 мәрте өткізіліп отыр. Айтулы көрмеге әлемнің 48 мемлекетінен 750-ден астам өнертапқыштары қатысып, өз туындыларын паш етуде.

Жыл сайын өтіп отыратын көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнертапқыштар техниканың адамзат игілігіне қызмет етуін түрлі жолдармен оңайлата түскен туындыларын ұсынады.

Биылғы жылғы көрменің басты жаңалықтарының бірі – Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны Ахмед Маджанның жасап шығарған ерекше ертоқымы болды. Жаңа заманға лайықталып жасалған ерекше ертоқым гироскоп, компас, GPS бағыттаушы және салқындату жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, тұлпар қожайыны қолындағы тетікті басу арқылы атының тұрған жері мен шабандоздың жылдамдығы жайлы да ақпарат ала алады.

 

www.muslim.kz

Швейцария тарихындағы ең әйгілі ескерткіш

Швейцария тарихындағы ең әйгілі ескерткіш

Сіз білесіз бе? Швейцария тарихындағы ең әйгілі ескерткіш реформация дәуіріндегі көрнекті қайраткерлердің құрметіне салынған. Ол Женева университетінде орналасқан. Оның негізін қалаушы, идеолог – Жан Кальвин.