"Қоңыр" тобының концерті

"Қоңыр" тобының концерті

"Қоңыр" тобы 2007 жылы топ продюсері Сержан Молдасанұлының ұйымдастыруымен құрылды. Топтың алға қойған мақсаты - қазақтың әнін заманауи эстрадалық бағытта ұлттық нақышын сақтай отырып насихаттау. Репертуары негізінен халық әндері мен халық композиторларының туындыларынан құралған. Өнер ұжымы алыс-жақын шет елдерде ұлттық өнерімізді кеңінен танытып келеді. Қытайда өткен Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы өнер фестивалінде Бас жүлдені иеленуі осының айғағы. Құрылғалы бері "Қоңыр" тобы өзінің ән орындау, сахналық киім таңдау мәнерінен айнымай, қарайымдылығы әрі қазақылығымен өз тыңдармандарын баурап, ел қошеметіне бөленіп жүр. 

Халық әніне айналған «Дей салдым»

Халық әніне айналған «Дей салдым»

Халық әні «Дей салдым»қазақтың  бір кездері шығып, кейін авторы ұмытылған өзге де әндері секілді қара өлең ұйқасты болып келеді. Қытай мен моңғол қазақтарының арасында кең таралған бұл ән табиғаты мен мақамы жағынан Жетісу мектебіне жатады. Бүгінде бұл әнді белгілі орындаушы Тілеулес Құрманғалиев шырқап жүр. Сондай-ақ, әнді елге белгілі эстрада әншілері эстрадаға салып, айтып жүр. Тарихы мен ойы терең әсем әнді Қытайдан келген жас түлек өзі қатарлас жастарға үйретпек.