Танымал сазгер Арман Дүйсенов «Питерден келген оралман» атты фильм түсірмек

Танымал сазгер Арман Дүйсенов «Питерден келген оралман» атты фильм түсірмек

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - 16 мамыр – биографтар күні;

 - «Маугли» фильмінің қазақша аудармасы көрерменнің көңілінен шықты;

 - Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында орыс балеринасы Ольга Спесивцеваның қайғылы өмірін баяндайтын қойылым болып өтті;

 - Алматыда суретшілер Вагив Рахманов ен Наргиз Рахманованың жеке көрмесі өтті;

 - Студия қонақтары – әнші, сазгер Арман Дүйсенов және шәкірті Абай Сәбит.

Алматы қаласында құмнан жасалған мүсіндер пайда болды

Алматы қаласында құмнан жасалған мүсіндер пайда болды

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - 3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні;

 - 3 мамыр – Жапония және Польша мемлекеттерінің Конституция күні;

 - Алматы қаласында құмнан жасалған мүсіндер пайда болды;

 - «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі көрерменге жол тартты;

 - Студия қонағы – «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары Нұрперзент Домбаев.

Дидар Кәден Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк өнері колледжінің музыкалық басқарушысы болып тағайындалды

Дидар Кәден Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк өнері колледжінің музыкалық басқарушысы болып тағайындалды

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Отандық финематографияның үздіктері анықталды;

 - Түскі немесе кешкі асты қай жерден ішкенді жақсы көресіз?

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонағы – жас актер Дидар Кәден.

Қанағат Мұстафин: «16 қыз» фильмінде тек отандық әндерді қолдандық

Қанағат Мұстафин: «16 қыз» фильмінде тек отандық әндерді қолдандық

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - 29 наурызда «Астана Опера» театрында А. Вивальдидің шығармашылығына арналған концерт өтеді;

 - Алғашқы есімхаттардың (визитка) шығу тарихы;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Баян Есентаеваның әкесі тарихи кітап жазып, көрерменге ұсынды;

 - Студия қонақтары – «16 қыз» отандық фильмнің режиссері Қанағат Мұстафин мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Композиция және музыкатану» кафедрасының доценті Тоғжан Успанова.

Еділ Анарбай, актер: Кинода ғана емес, өмірде де ақкөңілмін

Еділ Анарбай, актер: Кинода ғана емес, өмірде де ақкөңілмін

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Қазақ ұлттық аграрлық университеті жеміс-жидектердің сорттарын көбейтіп, дамытуда;

 - Ақтөбеде дизайнер Малика Дүйсенбаева ұлттық шақыштағы бұйымдарды тігетін өнер орталығын ашты;

 - 2016 жылдың көктем-жаз маусымында сәнде болатын 10 түс;

 - Студия қонағы – актер Еділ Анарбай.

Джолидің режиссерлік жұмысына ұлы Мэддокс көмектесетін болды

Джолидің режиссерлік жұмысына ұлы Мэддокс көмектесетін болды

- Қазақстандық «Тоқал» атты қазақ-американдық фильмінің түсірілі аяқталды;


- Анджелина Джолидің Камбоджа туралы режиссерлік жұмысына ұлы Мэддокс көмектесетін болды;


- Ресейлік императрица Екатерина II жайлы фильмді қолға алып, өзі басты рөлді сомдамақ;


- Риз Уизерспунның «Жабайы» фильміндегі рөлі сыншылардың қандай бағасын алды?

 

Еуразия кинофестивалінде қырғыз фильмі үздік деп танылды

Еуразия кинофестивалінде қырғыз фильмі үздік деп танылды

XI халықаралық Еуразия кинофестивалі өз мәресіне жетті. Кино доданың бас жүлдесін қырғыз режиссері Мирлан Абдыкалыковтың «Небесное кочевье» деп аталатын киносы жеңіп алды.

 

«Үздік режиссерлік жұмыс» аталымы бойынша сыйлық «Набат» фильмі үшін Әзірбайжаннан келген Эльвира Мусаоглу жеңіп алды.

 

«Үздік актер» аталымының сыйлығын «Жат» фильмінде бой көрсеткен Ерлан Нұрымбетов иеленді.

 

Ал «Үздік актриса» атағы «Набат» фильмінде ойнағанФатима Мотамед-Арьяға бұйырды. Одан бөлек, қазылар көзайымы болған – Адитья Викрам Сенгупта. Ол сонау үнді жерінен «Любимое дело» фильмін алып келген.

 

Фестивальде ФИПРЕССИ и НЕТПАК киносыншылары қазылық етті. ФИПРЕССИ сыйлығы отандық режиссер Жасұлан Пошановқа бұйырды. НЕТПАК жүлдесі «Құнанбай» фильмі үшін режиссер Досхан Жолжақсыновқа ұсынылды. 

 

www.gakku.kz

Шерлоктың рөлін сомдаған британдық әртіс Бекмамбетовтің фильміне түспек

Шерлоктың рөлін сомдаған британдық әртіс Бекмамбетовтің фильміне түспек

Британдық актер Бенедикт Камбербэтч The Current War кинотуындысында өнертапқыш әрі кәсіпкер Томас Эдисонның рөлін сомдайды. Ал оның қарсыласы – инженер Джордж Вестингузды америкалық жұлдыз Джейк Джилленхол ойнамақ. Картина продюсері – Тимур Бекмамбетов. 

 

Оқиға сюжетіне тұрақты және айнымалы тоқты пайдалану үшін өзара күрес жүргізген Эдисон мен Вестингауздың арпалысы негіз болған. Оқиға желісі сонау 1880 жылдарда өрбиді. Өнертапқыш пен инженердің арасындағы «соғыс» жүз жылға созылыпты.

 

Кинокартина продюсері – Тимур Бекмамбетов. Ал режиссері «Я, Эрл и умирающая девушка» мелодрамасы арқылы әлемге танылған америкалық Альфонсо Гомез-Рейон болуы мүмкін.



Түсірілімнің басталуы мен кинотуындының жарыққа шығатын уақыты әзірге нақтыланбаған.



Айта кетсек, аталған картинада басты рөлді сомдайтын Камбербэтч киносүйер қауымға «Шерлок» сериалы арқылы танылған еді.

 

www.bnews.kz

Брайан Сингер Жюль Верннің романын экрандайды

Брайан Сингер Жюль Верннің романын экрандайды

Жюль Верннің «Теңіз астындағы 20 мың лье» (түпнұсқа атауы: «Vingt mille lieues sous les mers») романы бойынша жаңа экранизацияны Брайан Сингер қолға алды.

 

Жобаны Fox кинокомпаниясы қаржыландырмақ. Сценарийді режиссердің өзі әзірлеп жатқан көрінеді. Фильмнің шығатын уақыты нақты айтылған жоқ.Алайда, Брайан Сингердің айтуынша 2016 жылы жарық көруі мүмкін.

 

Еске сала кетелік, студиясы да осы шығарманың жаңа кинонұсқасын жасауды көздеп жүр. Кезінде тіпті режиссерлікке Дэвид Финчерді шақырып, басты рөлге Брэд Питті де келістіргендей болып еді. Алайда, аталған тұлғалар жобадан кетіп қалды, ал экранизацияның тағдыры әзірге белгісіз.

 

www.kinostan.kz

Желіде Әсел Сәдуақасова мен Берік Айтжанов түскен фильмнің трейлері пайда болды

Желіде Әсел Сәдуақасова мен Берік Айтжанов түскен фильмнің трейлері пайда болды

«Үшеуге арналған үйлену тойы» атты комедиядан кейін танымалдыққа ие болған режиссер Асқар Бисембиннің «Адель» атты фильмінің трейлері Желіде пайда болды.

 

Картина тәуелсіз әрі бірбеткей Адель есімді қыз бен атақты композитор Бекжанның арасындағы романтикалық оқиғаларды баяндайды. Ғашықтардың ролін актриса әрі әнші, фильмнің бас продюсері Әсел Сәдуақасова мен актер Берік Айтжанов сомдайды, ол осы роль үшін өз имиджін түбегейлі өзгерткен. «Біз Асқар екеуміз бір жыл бұрын таныстық. Мен бұрыннан фильм түсіргім келді, жұмыс істейтін адамдарды іздедім. Біздің орындаушы продюсеріміз Асқармен таныстырды, біз сөйлесіп, ойымыздың бір екенін түсіндік», - деді Сәдуақасова.

 

Түсірілім Алматыда 10 мамырда басталып, 24 күнге созылды. Сценарийін жазғандар Асқар Бисембин мен Сергей Пак, композиторы – Павел Ли. «Адель» фильміне екі саундтрек жазылды, оларды Дильназ Ахмадиева мен Қайрат Нұртас орындайды.

 

«Бұл менің тұңғыш рет продюсерлік етуім, мен мұның маған бәрінен жақын екенін түсіндім. Фильм түсіру туралы ойымды бес жыл бойы арқалап жүрдім. Салмақты кино жасағым келді, осындай мамандарды кездестіргенім үшін қуаныштымын. Олардың арасындағы ең кәсіиби емесі менмін. (...) Берік Айтжанов біздің сценарийді оқығанда, бұл оның армандаған ролі екенін айтты. Ол басқа жобалардан бас тартып, рольді сомдауға келісті», - деді Әсел Сәдуақасова.

 

«Адель» фильмі кинотеатрлардың экранына 15 қазанда шығады.

 

www.tengrinews.kz