Әуезов театрының кесек актеры

Әуезов театрының кесек актеры

Әр актердың өмірі құпияға толы, оны қанша зерттесең де толық аша алмайсың. Әйтсе де, актердың халыққа берер тағылымы мол. Сондай жанның бірі, өзінің өнерімен көпке өнеге болып, көптің сүйіктісі атанып жүрген Айдос Бектеміров жайлы не білесіз? Оның да айтылмаған, ашылмаған сырлары бар шығар? Мұхтар Әуезов театрының талантты актеры, кесек актеры атануының себебі неде? Сахна сырлары бағдарламасынан көріңіздер.

Алма Кәкішева: Өнерде қанша баспалдақ болса, соншасынан өттім

Алма Кәкішева: Өнерде қанша баспалдақ болса, соншасынан өттім

Театр әлемінде өзін режиссер ретінде мойындатқан Алма Кәкішева саналы ғұмырын өнерге арнаған жан. Режиссура технологиясын жетік меңгерген, өз заманының талғампаз да дарынды режиссеры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішеваның шығармашылыққа келу жолы, асулары мен еңбегі туралы толығырақ бағдарлама барысында баяндалады.

«Театр – менің өмірім»

«Театр – менің өмірім»

Бағдарлама көрсетілімі саналы ғұмырын киелі театр сахнасында өткізіп, талай спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған, сондай-ақ, кино әлемінде де біршама еңбегі бар дарынды актер Бақыт Тушаевтың шығармашылығына арналады.

ЖҰПТАРЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ҚОС ҒАШЫҚ

ЖҰПТАРЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ҚОС ҒАШЫҚ

Сын сардары, қазақ театрының жанашыры Әшірбек Сығай жан жары Күләш Дулатбекқызымен махаббат шаһарына айналған Алматыда танысып, табысады. Күләш пен Әшірбек арасындағы бүршік жарған сезім ұшқыны талайды тамсандырды. Әшекең Күләшқа үй болып, үйленуді ұсынады. Төребай ақсақал мен жары Аққыздың 14 перзентінен тірі қалған 2 баланың бірі – Әшірбек болатын. Сығай әулетінің үлкен-кішісі үміт еткен жалғыз атқамінері осы бала болғандықтан, тезірек үйлендіріп, немере сүйгісі келеді.

Ал орыс мектебінде дәріс алып, Талдықорған өңірінде тәрбие өзегін бойына сіңірген Күләш қазақы салт-дәстүрді қатты ұстанатын Оңтүстік өңірге келін болуға алғашында жүрексінеді. Әшекеңнің қайсарлығынан болар, қос ғашық көп ұзамай, үйлену тойын жасап, шаңырақ көтереді. 1970 жылдары отау құрған жастар талай қиындықтарды басынан кешірсе де, бірге болады. Мінеки, 45 жыл бірге отасқан отбасында 3 алтын асықтай ұл тәрбиеленіп, бірнеше немеренің қызығын көреді.

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Әр актердың өзінің орны, сара жолы бар. Міне, сол актерлардың бірі әрі бірегейі – Оразхан Кенебаев.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әрі режиссер, әрі актер, әрі оқытушы болып қызмет атқарып жүрген талант иесі «Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс ел- шісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттың ғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнаған.  Сондай-ақ, «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні», «Әлия», «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде бас рөлдерді сомдаған.

 

Тума таланттың, еңбекқор режиссердің, әрі дарынды актердың шығармашылық жолы «Сахна сырлары» бағдарламасында толығырақ баяндалады.

В Алматы состоялась выставка «Жизнь моя – Казахстан»

В Алматы состоялась выставка «Жизнь моя – Казахстан»

- О чем «Лебединые слезы» Талгата Теменова?

- Что делает эскимосский ворон Кутха в Казахстане?

- Как отмечают весенние праздники поклонники классической музыки?

- Насколько востребована классическая музыка?