Панфилов дивизиясының ерлігі туралы аңыз бен ақиқат

Панфилов дивизиясының ерлігі туралы аңыз бен ақиқат

Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс туын желбіреткен күнге биыл, міне, 71 жыл толып отыр.  Соғыс тарихындағы ақтаңдақ беттер мен ашылмаған құпиялар әлі де көп. Майданда ерекше ерлік көрсетіп, шайқасқан қазақстандық жауынгерлер туралы не білеміз? Мәскеуді жаудан аман қалып қалған Панфилов дивизиясы екені тарихтан-ақ белгілі. Қазақстанда құрылған дивизияның құрамында Мәлік Ғабдуллин, Б. Момышұлы сынды офицерлер болды. Аттары әйгілі 28 батырдың ерлігі туралы аңыз бен ақиқатты «Ғылыми кеңес» бағдарламасынан біле аласыздар.

Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш тақта ашылды

Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткіш тақта ашылды

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универси­­­тетінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және көрнекті ғалым, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері VII» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өз жұмысын бастады.

Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен көзге түскен, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз һәм парасатты басшы бола білген Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен әдебиетке сіңірген еңбегін тал­қылауға арналған ғылыми кеңеске Швейцария, Швеция, Болгария, Латвия, Польша, Израиль, Эсто­ния, Ресей, Өзбекстан секілді әлем­нің 10-нан аса елінен келген ғалым­дар қатысты. Конференцияда жалпы өлең өрнек­тері, соғыс зардабы, әдеби мигра­ция және ұлттар достығы тақырып­тарында да баяндамалар жасалды.

Ғылыми-теориялық конферен­цияның ресми шарасы барысында «Мәлік Ғабдуллин» атты қос томдық еңбектің тұсаукесер рәсімін белгілі ғалым Серік Қирабаев пен батырдың қызы Майдан Ғабдуллина атқарды.

Сондай-ақ, конференцияда «Мәлік Ғабдуллиннің ғибратты ғұмыры», «Мәлік Ғабдуллин және Қобыланды батыр», «Біздің қа­һарман жерлесіміз», «Қилы кезең, қаһарман тұлғалар», «Мә­лік Ғабдуллин – отандық фольк­лортанудың классигі» және «Мәлік Ғабдуллин туралы ҚР Орта­лық мемлекеттік мұрағатында сақ­талған деректер» атты тақы­рыптар мен отандық және ТМД көлеміндегі белгілі әдебиетшілер мен ғалымдардың Мәлік Ғабдул­лин жайында жазған ғылыми еңбектері, мақалалары мен талдамалы жұмыстары жайлы баяндамалар талқыланды.

Шара барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алаңында батыр ұл, парасатты тұлғаға арналған ескерткіш тақта ашылды.

 

www.egemen.kz

М.Ғабдуллин атындағы мұражай

М.Ғабдуллин атындағы мұражай

Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы өзінің туып өскен жері – Көкшетау қаласында орналасқан.