Тәрбие – тал бесіктен басталады

Тәрбие – тал бесіктен басталады

«Тәуелсіздік жылдарындағы балаларға арналған анимациялық туындылардың сапасы»  

Белгілі педагог әрі жазушы Антон Семенович Макаренко:

«Тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейінгі жүргізген өнегелі ісіңіз – бүкіл тәрбиенің 90 пайызы болып табылады», - деген екен.

Ал, қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген. Ұлт ұстазына айналған тұлғалардың басты кеңесі ұрпақ тәриесімен байланысты. Ендеше, бүгінгі ұрпақ нені көріп, қандай рухани дүниенден нәр алуда? Бұл сұрақтың жауабы бағдарлама көрсетілімінде қозғалмақ.

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры актерлерінің сомдауындағы қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы.

 

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов.

Дина Хамзина: Шетелдің көрермендерін қазақтың төл туындыларымен ғана таң қалдыра аламыз

Дина Хамзина: Шетелдің көрермендерін қазақтың төл туындыларымен ғана таң қалдыра аламыз

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Қарағандыда белгілі әнші әрі сазгер Қорабай Есенов пен Сейіл аяғанның бірлескен концерті өтеді;

 - Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығы;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонағы – опера әншісі Дина Хамзина.

Құнанбайдың қайраткерлігі

Құнанбайдың қайраткерлігі

Құнанбай қажыны осы кезге дейін қатігез, қатты, бір айтқан сөзінен айнымайтын образ ретінде танып келдік. «Абай жолы» роман-эпопеясында солай суреттелгендіктен, ел жадында солай сақталды. Алайда, Кеңес дәуірінде Құнанбайды жағымсыз образ ретінде суреттеу саясаттан туған дүние. Құнанбай қажы өмірде негізі қандай болған адам? Дәл осы сауалдың жауабын бір топ ғалымдардың аузынан естілік.

 

«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты

«Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартты

Қазақ киносының алтын қоры ғажап туындымен толықты. Фильм орыс реформасын, дала тәртібін және шариғат жолын қатар ұстанған Құнанбай Өскенбайұлы жайында. Кинотуындыда бас кейіпкер Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай образы емес, мүлдем басқа қырынан танылатын дара тұлға ретінде көрініс табады.

Фильмде руаларық даулар, ағайын арасындағы шиеленістер мен шытырман оқиғалар баяндалады. Осы ретте Құнанбайдың кез-келген қарама-қайшылыққа байланысты шығарған әділ шешімдері көрсетілген. Басты рөлді Досхан Жолжақсынов сомдаған.

Әйгілі романдағы Құнанбай мен фильмдегі Құнанбайдың айырмашылығы неде? Әуезовтің айта алмаған шындығы не болды? Құнанбайды толыққанды танып білгіңіз келсе, бағдарлама көрсетілімін жіберіп алмаңыз!

Әуезов шығармаларының 50 томдығы жарық көрді

Әуезов шығармаларының 50 томдығы жарық көрді

Бағдарлама күллі қазақ мәдениеті, өркениеті мен рухани әлемі үшін маңызды, мәнді жаңалық – М. Әуезовтың 50 томдық шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Заңғар жазушының еңбегін шығару идеясын ұсынған кім? Оған қандай шығармалар енді? Энциклопедиялық жинақ болып жарық көруіне қай ғалымдар атсалысты? 

Тәрбие бастауы қазақ ертегілерінен...

Тәрбие бастауы қазақ ертегілерінен...

Бағдарламада көрсетілімі қазақ ертегілерінің болмысына талдау жасауға арналады. Ауыз әдебиетінің бір тармағына жататын ертегілер әлемінің балалар психологиясына, тәрбиесіне берер пайдасы орасан.

«Әдебиеттің әулесіне» баланған Мұхтар Әуезов алғаш қазақ ертегілеріне ғылыми талдаулар жасап, рухани қазынамызды ретке келтірді. Ертегілер бағыттарына қарай салт-дәстүрлік, махаббат, ерлік пен ездікті дәріптеу мақсатында жік-жікке бөлінеді. 

Биыл «Қазақфильмнің» 50-ге тарта туындысының мерейтойы өтеді

Биыл «Қазақфильмнің» 50-ге тарта туындысының мерейтойы өтеді

2015 жылы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша түсірілген «Абай әндері» көркем фильмінің көрерменге жол тартқанына 70 жыл толады.

Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар биыл бірден үш фильмнің 60 жылдығы аталып өтпек: Павел Боголюбовтың «Шабандоз қыз» музыкалық комедиясы, Сұлтан Қожықовтың режиссерлік дебюті - қысқа метражды «Ана мен бала» фильмі және Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» картинасы.

Шәкен Аймановтың «Бір ауданда» көркем фильміне биыл 55 жыл толады. Әйгілі туындыға айналған «Атаманнның ақырына» да 55 жыл.

Сондай-ақ, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» кинолентасы 45 жылдығын атап өтпек .

«Гауһартас» көркем картинасына 40 жыл толса, белгілі театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің «Жаушы» фильміне 35 жыл, ал Болот Шамшиевтің «Мергендер» әскери драмасына 30 жыл толмақ.

Сондай-ақ, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» өндірісінің бірнеше фильмдері алғашқы бес жылдықтарын атап өтеді.

 

www.khabar.kz

Аңыз бен ақиқат

Аңыз бен ақиқат

Сөз өнерінің асыл қазынасы  қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелердің арқауы ақиқат па? Халық фольклорына қомақты үлес қосқан аңыздар мен тарихи шындықтың байланысы туралы не білеміз? Өткен өмірдің шындығы тарих еншісінде ме, әлде ұрпақтан ұрпаққа жеткен ауыз әдебиеті еш боямасыз баяндай ма? «Баланың сәби санасына өз атасының аңызы жазылуы керек, қалған тарих содан кейін жазылады», - дейді студия қонағы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы-драматург Баянғали Әлімжанов. 

М. Әуезов. «Қаралы сұлу»

М. Әуезов. «Қаралы сұлу»

«Мұхтар Әуезов – прозадағы суретші. Оның бояулары мен сырлары Рубенстің бояуларындай - қанық, дәл, таза, нәрлі. Мейлі портреттерді өрнектесін, мейлі табиғаттың көріністерін берсін, оларды бір-бірімен үйлестіре біледі», - деп жазған екен З.Шашкин. Қаламгердің «Қаралы сұлу» әңгімесін бағдарлама қонақтары «Қоңыр» этно-тобының әншісі Мархабат Мықтыбеков және М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Нұрбол Құдайбергенов талқылайды.