Өскеменде білім тарихына арналған мұражай ашылады

Өскеменде білім тарихына арналған мұражай ашылады

Өскеменде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан Шығыс Қазақстан өңірінің білім беру тарихына арналған музей ашылады. Мұнда қазірден бастап болашақ топтамалар үшін экспонаттар жинақтау жұмысы жүріп жатыр.

 

- Көпшілігіміз үшін мектеп - балалық шақтың, достықтың, ең бастысы білімнің мекені. Бізді мектеппен байланыстыратын мұғалімдерімізді және сыныптастарымызды есте сақтауымыз маңызды. Бүгінде Өскемен қаласында болашақ музейге экспонаттар жинастыру жұмыстары жүріп жатыр, - дейді тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В.Ровнякова. 



Музейдегі көрмелердің көмегімен облыс тұрғындары ШҚО білім беру жүйесінің, яғни мектепке дейнгі және жоғары оқу орындарының білім жүйесінің тарихы және заманауи білім беру технологияларымен таныса алады. ШҚО білім музейіне әр жылдардағы кітаптар, аттестаттар, білім жүйесінің құжаттары, оқулықтар, білім берудегі техникалық құралдар, педагогикалық еңбек марапаттарының куәліктері қойылады. Сонымен қатар еңбегі сіңген ардашер мұғалімдердің өмірбаяны мен педагогикалық қызметтері жайында мәліметтер болады. 

 


«Бірге мұражай ашайық!» акциясы бойынша жәдігерлер С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әкімшілік бөлімінде қабылдануда.

 

www.inform.kz

 

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 100 жыл. 1915 жылы бұл аумағы небәрі 12 шаршы метр ғана шағын бөлме болатын. 

 

Бүгінде ондағы археологиялық қазбалардан бастап, қазіргі заманғы өнер туындыларына дейінгі жәдігерлер қоры 125 мыңнан асады. XIX ғасырда Ресейдің орталық губернияларынан, Украинадан ауған кірмелердің тұрмыс-салты мен тарихын көз алдына әкелетін экспонаттар жетерлік. Мерейтой қарсаңында мұнда бірнеше шара ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Көне Торғай және Ұлы Дала» атты ғылыми мақалалар жинағының жарыққа шығуы.

 

www.24.kz

 

«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтеді

«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтеді

2015 жылдың 31 мамырында«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Іс-шара барысында «АЛЖИР» мұражайының бірегей жәдігерлері» көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге бұрынғы «АЛЖИР» тұтқындарының құнды жәдігерлері қойылған. Қазақтың белгілі жазушысы Бейімбет Майлиннің зайыбы Гүлжамалдың фотосуреті, олардың қыздары Рәзия мен Гүлжанның отбасымен бірге түскен фотосуреттері ұсыналады. Сондай-ақ, Байғаскина Құсни мен Афонина Татьянаның фотосуреті мен мұрағаттық анықтамалары, белорусь жазушысы Тодор Кляшторныйдың әйелі Янина Германовичтың фотосуреті, лагерьде қызы Майяны ораған көрпесі мен тіккен белбеуі, Гайсина Ғалияның мұрағаттық құжаттары мен жеке заттары, Медянникова Аннаның мұрағаттық құжаты мен Енданова Аннаның тұрмыстық заттары қойылған.

Жәдігерлер 2013-2015 жылғы іс-сапарлар нәтижесінде жинақталды.

Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР», «Азаттықтың азапты жолы» атты мұражай залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, «АЛЖИР-дің» ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.

 

www.astana.gov.kz

Берлин мұражайындағы Абай әндерін жылына 60 мың адам тыңдайды

Берлин мұражайындағы Абай әндерін жылына 60 мың адам тыңдайды

Берлин қаласы көшелерінің анықтамалығын ашып қараған адам алдыменАбай атындағы көшені кездестіреді. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің сөзі мәрмәр тасқа қашалып, немістің ұлы ақыны Гетенің мұражайында ілінген. Берлин мұражайында Абайдың осы әсем әуені ауық-ауық орындалып, оны жылына 60 мыңдай адам тыңдайды екен. 

Ал Италияның Триест қаласында 2010 жылы 104 кеңестік жауынгерге (оның 36-сы қазақ) обелиск ашылды. Осы боздақтардың арасында соғыста хабарсыз кеткен шығысқазақстандық Шаяхмет Боранбаевтың есімі жүр. Осылардың барлығы бүгінде тоқсанға толған жазушы, майдангер қаламгер, соғыс ардагері Қалмұқан Исабайдың көп жылғы еңбегінің жемісі, дипломатиялық шеберлігінің жарқын көрінісі.

Қалмұқан Исабайдың қалың оқырманға «Сұңқар самғауы», «Айқыз», «Шоң би» романдары, «Соңғы ерлік» повесі, «Алғы шепте» әңгімелер жинағы, «Мұндайлар болған» жинағы және басқа да шығармалары арқылы жақсы таныс. Ұзын саны қырықтан астам кітаптың авторы. Жазушының кейіпкерлері заманның ығына қарай автордың қиялынан туған образдар емес, нақты тарихи тұлғалар, сонысымен де құнды. 1967 жылы жарық көрген «Айқыз» романын жазу үшін Аягөз өңірін аралап, қазақтың ержүрек әйелі, ақтар азаптап өлтірген Айқыз Көшімбаеваға қатысты деректерді там-тұмдап жинайды. Қалмұқан аға 1917 жылдан Қазан төңкерісіне дейін қазақтан кім Меккеге барғанын зерттеп, бәрінің тізімін тауып, олардың қай облыс, қай ауданнан екеніне дейін белгілеп, кітап жазды. Талай қазақтың ата-бабасының аты аталған бұл кітап шыққаннан кейін біреу әкесін, біреу атасын іздей бастайды.

Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жерлесіміз, ұландық Шаяхмет Боранбаевтың туыстары да жауынгер жайындағы деректі Қалекеңнің «Батальон командирі» әңгімесінен тауыпты.

Германияның бір мұражайында Қалмұқан Исабай салған Абайдың портреті сақтаулы.

Жазушы, соғыс ардагері Қалмұқан Исабай Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), «Құрмет» (2003) ордендерімен, ГДР-дің Герман–Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).

 

www.alashainasy.kz

Ел тарихының жылнамасы – Ұлттық Музей

Ел тарихының жылнамасы – Ұлттық Музей

ҚР Ұлттық Музейі – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістігінің бірі. Ол Тәуелсіздік алаңындағы әсем ғимараттардың ішінде еріксіз көз жауын алатын сәулет өнерінің айқын дәлелі. Өткенге құрметтің, болашаққа аманаттың белгісі.

Ендеше, бағдарламамызбен бірге әлемнің ең ірі муза сарайларының қатарына кіретін ҚР Ұлттық Музейімен жақынырақ танысып, саяхат жасайық! 

Павлодар өңірінің тарихи жәдігерлері Ұлттық Музейге қойылды

Павлодар өңірінің тарихи жәдігерлері Ұлттық Музейге қойылды

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Павлодар облысының барлық музейлерінен жиналған жәдігерлері «Ертістің Павлодар өңірі тарих толқынында» атты көрмеде қойылды.

Көрмеге келушілер Павлодар облысының өткен тарихымен, өлкенің белгілі ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерімен таныса алады. Көрме аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, музей ісін дәріптеуге, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды артефакттарымен, жәдігерлерімен елорда тұрғындары мен қонақтарын таныстыруға мүмкіндік береді.

Шара ҚР Ұлттық музейінің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Жеті бөлімге бөлінген көрмені тамашалаушылар павлодарлық суретшілердің туындыларын, Павлодар тарихынан сыр шертетін құжаттар мен экспонаттарды, фотоқұжаттық және заттық жәдігерлерді, археологиялық және палеонтологиялық зерттеулер мен олжаларды, өңірдің белгілі тұлғаларының жеке заттарын, фотосуреттерді, құжаттарды, Қоянды жәрмеңкесі туралы ақпараттарды, б.з.д 65-70 млн. жыл бұрын Павлодар облысының аумағында өмір сүрген жануарлардың қалдықтарын көре алады.

 

www.inform.kz

Семейде «Абай – әлем тілдерінде» көрмесі ашылды

Семейде «Абай – әлем тілдерінде» көрмесі ашылды

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында ақынның 170 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Абай — әлем тілдерінде» атты көрме ашылды.

Басты мақсаты — Абай әлемін, болмыс-құпиясын төтркүл дүниеге барынша паш ету. Абайды жете таныту арқылы халқымыздың мәдени келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге таныту.

Мұражай қорында жинақталған 32 тілге аударылған Абай шығармаларының бірегей жинақтары, қолжазбалары, тақырыпқа байланысты тарихи фотосуреттер, шетел елшілерінің алғыс-тілектері, пікірлері, аудармашылар туралы мәліметтер, аудармашылардың хаттары алғаш рет көрмеге шығарылды.

Көрмеге қаланың әр ұлт өкілдері, ардагерлер, еліміздің ЖОО-нда шет елден келіп білім алып жатқан студенттер, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

www.mk.gov.kz

Әлемнің ең әйгілі мұражайларында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталған

Әлемнің ең әйгілі мұражайларында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталған

Лувр және Эрмитажда XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған екі қола шам сақталған. Қазақстанда дәл осындай шамдардың төртеуі қалды. Қазіргі таңда оларды Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде тамашалауға болатыны туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Адам бойынан асатын шамдар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбалар шамдарды әмір Темірдің бұйрығымен исфахандық шебер жасағандығын баяндайды. Барлық әскери қақтығыстарда Ақсақ Темір тұтқындыққа қолөнершілерді алуды бұйырғандығы туралы баршаға мәлім.

Олардың салмағы өте ауыр, бір шамды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады. Ең қызығы – бұл шамдардың басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазір де қолдануға болады.

 

www.strategy2050.kz

«Қайырлы таң» бағдарламасы.  05.03.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 05.03.2015

Бағдарлама тақырыптары: Тағам өндірісі саласындағы инновация; Отқа төзімді, су өткізбейтін, жылуды сақтайтын өзгеше мата түрлерін шығару бағытындағы ізденістер; Алматының тарихына байланысты этнографиялық экспонаттар; Студия қонағы – Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, актриса Зәуре Көпжасарова.

Семейдегі Федор Достоевский мұражайы көне жәдігермен толықты

Семейдегі Федор Достоевский мұражайы көне жәдігермен толықты

Достоевский мұражайының қорында бірнеше көне фотоальбом сақталған. Жыл сайын коллекциялар қатары толығып келеді. Соңғы жәдігерді қалалық өлкетанушылардың бірі өткізіпті. Ол әжесінен мұра болып қалғанын айтып отыр. Альбом бір ғасыр бұрын Қытайда жасалыпты. Безендірілуі де ерекше. Мұқабасы ағаштан жасалған. Онда 3 адамның суреті бейнеленген. Екі қызметші мырзаларын көтеріп келеді. Суреттерді бедерлеуге меруерт пен кварц пайдаланылғанға ұқсайды.

24.kz