Қазақстанда трансплантология ғылымының дамуы

Қазақстанда трансплантология ғылымының дамуы

Қазіргі таңда адамның ағзасын алмастыру – адам өмірін сақтап қалудың бірден бір жолы болып отыр. Донорды табу қалай жүзеге асады? Еліміздегі трансплантология ғылымы қаншалықты дамуда? Отандық дәрігерлер ота жасаудың қандай тәсілдерін қолданады және қаншалықты сәтті оталар жасалуда?

Адамның бір қызығы бала деген...

Адамның бір қызығы бала деген...

Бала – әрбір жанұяның ең басты құндылығы, ұлтымыздың келешегі. Денсаулығы жақсы әр ұрпақтың болашағы да зор.

 

Бүгінде бала бойының өспей қалу потологиясы белең алды. Бойдың өспей қалу проблемасы неден туындайды? Оны қашан анықтауға болады? Бала денсаулығын жақсарту үшін не істеу қажет? Бұл сұрақтарға отандық ғалымдарымыз не дейді? Оны бағдарлама барысында біле аласыздар.

Ұрпақ денсаулығы – ел болашағы

Ұрпақ денсаулығы – ел болашағы

2005-2010 жылдары Қазақстанда орта сеппен 1000 балаға шаққанда 27 бала шетінеп кеткен. Бұл өз кезегінде бала өлімі көрсеткішінің үлкен екенін аңғартады. Оған не себеп? Мемлекетімізде бала денсаулығын сақтау мәселесі қандай? Батыс мемлекеттерінде қалыптасқан балалардың немесе әр отбасының жеке педиатры болу керек пе әлде ел дәрігерлерін дайындау деңгейін күшейту керек пе? Осы сұрақтар төңірегінде бағдарлама конақтарымен әңгіме қозғалмақ. 

Қартаймаудың жолдары

Қартаймаудың жолдары

Жуырда еліміздің ғалымдары қартаюды тежейтін қондырғы ойлап тапты. Адамның ұзақ жасауына септігін тигізетін жаңа әдістің ерекшелігі неде? Аппарат қаншалықты тиімді? Пайдасы бар ма? Қартаймаудың өзге де жолдары қандай? Бұл жөнінде бағдарлама барысында біле аласыздар.

Ғалымдар адам өмірін ұзартудың жолын тапты

Ғалымдар адам өмірін ұзартудың жолын тапты

Биологтар қартайтатын гендерді алып тастауды үйренді.

 

Ғалымдар гендердің тобын анықтап, егер оларды алып тастайтын болса өмірді күрт ұзартуға болады. Бұл зерттеудің нәтижесі 10 жылдан соң шықты және ол генетика саласындағы ең ірі прогресс болып отыр. Авторлар жұмыстарының нәтижесі туралы Cell Metabolism журналына жариялады, олармен Independent басылымының сайтында танысуға болады.

 

«Сиэтлдегі Вашингтон университеті мен Бак атындағы қартаюды зерттеу институтының (АҚШ) базасында құрылған халықаралық ұжым ашытқыдан (Saccharomyces cerevisiae түріндегі) 238 генді тапты, оларды алып тастау арқылы өмірді ұзартуға болады. Мамандар ашытқылардың 4698 штамын зерттеп, олардың әрқайсынан бір-бір геннен алып тастаған», - делінген жарияланымда.

 

Генетиктер ағзаның қартаюын баяулату жолдарын зерттеді. Зерттелген гендердің жартысына жуығы сүтқоректілерде, соның ішінде адамдарда бар болып шықты. Енді ғалымдар сол гендердің жұмысын тоқтататын дәрі-дәрмектерді ойлап тауып, адамдардың өмірін ұзартпақшы. Қазіргі таңда генетиктер 238 геннің өзгелермен арадағы байланысы мен сүтқоректілерге қандай маңызы бар екенін зерттеп жатыр.

 

tengrinews.kz

Тараз қаласында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылды

Тараз қаласында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ филиалы ашылды

Тараз қаласындағы медициналық колледж жанынан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды.

 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың шілде айында Жамбыл облысы әкімдігі мен С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойған болатын.

 

Аймақтық филиалдың базасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс істейтін болады. Олар өз кезегінде тек оқу орнының студенттерін ғана емес, емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлерінің де біліктіліктерін арттырумен айналысатын болады.

 

www.today.kz

Дертке дауа

Дертке дауа

Қазіргі кезде елімізде жүрек және қан тамырлары дерті шамадан тыс көбейіп кетті. Әлбетте, осы сырқаттардың көбейуіне экологиялық фактормен қоса, күнделікті тұрмыста әрі жұмыста алатын стресстердің де себеп болатыны айқын. Осы бағдарламада тілшілер ғылыми-клиникалық кардиохирургия және транспланталогия орталығында болып дерттің шығу себептері мен қоса емдеу тәсілдеріне қатысты мол мағұлмат көрермендерге ұсынады. 

Адамның басын алмастыру операциясының қашан жасалатыны белгілі болды

Адамның басын алмастыру операциясының қашан жасалатыны белгілі болды

Италиялық хирург Серджио Канаверо ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридоновтың басын ауыстыруды 2017 жылдың желтоқсанына жоспарлады.

 

«Канавероның жоспары бойынша, егер барлығы ойдағыдай өтсе, операцияның технологиясы алдағы екі жылда жетілдіріледі. Біз асығыс емеспіз. Дәрігерлер мен сарапшылар операцияның сәтті өтетініне 99 пайызға сенімді болғанда ғана жасалады», - деді Валерий Спиридонов. Бағдарламашы басын ауыстырғаннан кейін ең әуелі демалысқа шығатынын айтып қалжыңдады.

 

Басылымның мәліметінше, ота 36 сағатқа созылуы мүмкін. Канаверо отаның сәтті өтетініне сенімді. Дәрігерлердің кейбірі бұл жобаны медицина саласындағы серпін деп қабылдаса, енді бірі мұндай операцияның сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. Дегенмен Спиридоновты бұл пікірлер мақсатынан айныта алмады.

 

www.tengrinews.kz