Махамбет Өтемісұлының отты жырлары

Махамбет Өтемісұлының отты жырлары

Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім,

қайраса қайта жетілдім... - деп жырлаған екен жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлы. Біз бұл бағдарламамызда «толарсақтан саз кешіп», «дұшпанының қабырғасын қаусатып», «тізесін бүгіп от жеген», «қанды көбе киініп, бір Аллаға сиынып» ар мен намысты қызғыштай қорып өткен қазақтың хас батыры Махамбет Өтемісұлының жорық жырларына тоқталамыз. Студия қонақтары - «Тұран» этно тобының мүшелері Абзал Арықбаев пен Бауыржан Бекмұхамедов және әдебиеттанушы ғалым Серік Асылбекұлы.

Махамбеттің «Жұмыр - Қылыш» күйі

Махамбеттің «Жұмыр - Қылыш» күйі

XIX ғасыр қазақ мәдениетінің Алтын ғасыры болды. Күйшілік өнер аймақтарға тармақтала бастады. Ежелгі күйлердегі аңыздың көне мифологиялық түсініктері XIX ғасырда күйші өмірін баяндайтын уақиғалармен алмастырылды. Аңызда заман тынысы көрініс тапты. Бағдарламаның кезекті бөлімінде Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйі жайлы болмақ.

Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер 20

Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер 20

Бүгінгі бағдарламаны ат сөзінен шығатын фразеологизмдер жайлы тілімізге тиек етейік. «Ат – жылқы малы», «Ер қанаты – ат» деген халық мақалы бар. «Еңку-еңку жер шалмай, ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?...», - деп толғайды Махамбет батыр.