ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЙТҚАН 10 НАҚЫЛ СӨЗІ

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЙТҚАН 10 НАҚЫЛ СӨЗІ

Назарларыңызға қазақтың халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздерін ұсынамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлзар бақты аралап...

Гүлзар бақты аралап...

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Жазушы Жан Амани балаларға арналған ертегі кітаптары оқырманға жол тапты;

 - 22 сәуір – Халықаралық Жер-Ана күні;

 - Арна тілшілері Гөзел Құлжабаеваның гүлзар бағына барып, сұхбат алып қайтты;

 - Студия қонағы – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Касиля Әмірова.

«Аһ, ҮРНИСА, мен өтермін, өтермін...»

«Аһ, ҮРНИСА, мен өтермін, өтермін...»

Жастайынан тағдырдың қатқыл тұстарын көп сезінген қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов бала кезден өлең жазуға құштар болып өседі. Қазақтың қара өлеңіне деген іңкәрлік оны осылайша әдебиет әлеміне жетелейді. Өлең өлкесінің майталманы Төкең өмірлік жарын қалай кездестіреді? Сонау Өзбекстандағы Үрниса есімді қазақтың қара қызы ақын жүрегін қалайша жаулап алады? Ата жұртына көшіп келуді аңсаған Төлеген Айбергенов пен жары Үрниса Оспанқызы отбасылық өмірлерін Қазақстанда қалай бастайды? Толығырақ бағдарламадан көріп, біле аласыздар.

Жолы сара Шер аға...

Жолы сара Шер аға...

Ол өзгенің бақытты болуына жол ашқан адам. Ол ұлтының мүддесін жеке басының жетістігінен биік қойған қайраткер. 5 жасында жетім қалған ол өмірінің көп бөлігін азап, бейнетпен өткізді. Азамат болуға асығып, тез есейді, ел керегіне жаралды да тым ерте ойлады... Қазақтың арда жазушысы, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза артынан мол мұра қалдырып қана қоймай, туған ауылында мектеп салды, тілші болды, кітап жазды, мандат алып, депутат атанды, елге қызмет етті.

 

Жазушының туған інісі Батырхан Мұртаза ағасының бала кезінен әңгімелер айтып, алыс жылдардағы оқиғаларды өрді.

Мағауин шәкірттерінен не күтті? (ВИДЕО)

Мағауин шәкірттерінен не күтті? (ВИДЕО)

Шамамен 1989 жылдары елге есімдері белгілі болып жүрген біршама жас қаламгерлердің басын Мұхтар Мағауин қосып, жазушылыққа баулып, ұстаздық етіп жүрді. Ол кезде қазақтың классик жазушысы «Жұлдыз» әдеби журналын басқарып отырған кезі еді.

 

Өзі іріктеп алған 20 шақты қаламгерге журналдың бесінші санын тұтас арнады. Жастардың шығармаларын білдей баспаға шығарып, қуантты, қолдады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, бүгінде Роза Мұқанова, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтай, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Дихан Қамзабекұлы, Ермек Аманшаев сынды әдебиет өкілдеріне тәлімгер болды, бағыт-бағдар көрсетті, таланттарына жол ашты. Міне, азаматтық деп осыны айт! Әдебиеттің нағыз жанашыры болды емес пе?

 

Ал бүгінгі жас ақын, жазушы, публицист, журналистердің басын қосып, үйретіп, шығармаларына демеу болып жүрген жандар бар ма?

"Атаң бөлек, аттан түс..."

"Атаң бөлек, аттан түс..."

 

«Мен «Әпкені» жылап отырып жазғам. Өзім әпкелерімнің қамқорлығын көріп ержеттім. Әпкелерім болмаса, бүгінгідей жазушы болар ма едік, болмас па едік…

Әкеміз соғыстан қайтқан жоқ. Ал оқушы кезімде анамыз қайтыс болды. Сондықтан екі әпкем үйдегі балаларды кезек-кезек келіп қарады. Тіпті, тұрмыста екендерін, өз үйлерінің барын ұмытты. Әпкелерім айлап жатып, бізді қараған кезде бір күні жездем келіп: «Әй, Бибіқали, үйге қайтасың ба, жоқ па? Балалар биттеп-құрттап кетті ғой. Үй-жайыңды, бала-шағаңды ұмыттың ғой, тегі», - деді ренжіп.  Сонда әпкем: «Бала жалғыз менікі емес. Сен олардың әкесісің! Нәбиалы үйленбей, мен бармаймын.  Маған баладан гөрі бауыр қымбат. Бала табылады әлі, ал бауырды тауып беретін шешеміз қайтыс болып кеткен», – деді. Осындай сөзді қазір айта аламыз ба?! Ал менің әпкем айтты.

Интернатқа тапсырмау үшін 17 жасымда үйлендіріп, өз үйлеріне кеткен соң, осы болған оқиғалар «Әпкені» жазуыма түрткі болды», - деп еске алады жазушы.

«Махаббат, қызық мол жылдар» авторының өмірдегі махаббаты

«Махаббат, қызық мол жылдар» авторының өмірдегі махаббаты

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Халима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. 

Елеусіз келген туынды

Елеусіз келген туынды

Жүсіпбек Аймауытовтың "Еленбеген ерлер" туындысы кезінде араб тілінде 1920 жылдары газетке жарияланып, уақыт өте келе елеусіз қала берген. Оны әдебиеттанушы ғалым Нұржан Қуантайұлы тауып алып аудартып, толық көлемде кітап болып шығуына жанашырлық жасады. Бағдарламаның тақырыбы осы тұрғыдан өрбиді.   

 

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 16 қазан күні сағат 15.00-де Алматы қаласы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде өтеді.

 

Шараға зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарындағы аударма ісі саласының мамандары мен студенттері  қатысады.

 

Еске салайық, «Алтын көпір» аудармашылар байқауына жұмыстарды қабылдау 2015 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында жүргізіліп, поэзия және проза жанрларындағы шығармаларды қазақ және орыс тілдеріне аудару аталымдары бойынша анықталды:

 

«Поэзия қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын - Абдрахман Досов
2 орын - Мейрам Жұмабеков
3 орын - Зәуреш Байзақова

 

«Поэзия орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын - Кенжебай Ахметов
2 орын - Ақылбек Шаяхмет
3 орын - Ләйлә Асқар
Ынталандыру сыйлығы - Ақсұңқар Ақынбаба

 

«Проза қазақ тілінен орыс тіліне аудару» аталымы

1 орын - Анатолий Ким
2 орын - Айгүл Кемелбай
3 орын - Аслан Жақсылықов
Ынталандыру сыйлығы - Роман Тоқбергенов

 

«Проза орыс тілінен қазақ тіліне аудару» аталымы

1 орын - Арман Әлменбет
2 орын - Қуандық Шамахайұлы
3 орын - Айман Мұқышева
Ынталандыру сыйлығы - Айбота Жаппарберген
Ынталандыру сыйлығы - Мәриям Әбсаттар

 

Марапаттау рәсімінде өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, байқау жеңімпаздарының шығармалары енген жинақ таратылатын болады.

 

inform.kz

Астанада Оралхан Бөкей оқулары өтті

Астанада Оралхан Бөкей оқулары өтті

Астанада Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVII республикалық байқауы өтті. Елордадағы қорытынды жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан жеңімпаз атанған 16 үміткер келіп, суреткер жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларымен қатар, өзге де ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.

 

Оралхан Бөкей оқуларына 16-22 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Байқау ережесіне сай, үміткер адам оқитын монологтың ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы қажет әрі үміткер монолог пен шығарма үзіндісін жатқа білуі тиіс. Жарыстың үш тапсырмасын орындаған, атап айтсақ, прозаның, драмалық шығарманың үзіндісін және бір өлеңді мәнерлеп оқыған қатысушылар қазылар алқасының тарапынан тиісті бағасын алып, жеңімпаз баллдық көрсеткіш бойынша анықталады.

 

Қазақтың қадірлі жазушысы Оралхан Бөкейдің дүниеден озғанына биыл 22 жыл болды. Суреткер жазушы, дарынды журналист тірі болғанда, 28 қыркүйек күні 72 жасқа толар еді. Қазақ әдебиетінің ерекше классигі Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным?», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Ұйқым келмейді» сынды әңгімелер жинағы мен повестері мектеп оқушыларынан бастап, ересектер де үнемі қызыға, көзге жас ала оқитын шығармалар болып қала бермек. Оралхан Бөкей 1993 жылы туған жерінен жырақта, Үндістанның Дели қаласында дүниеден озған болатын.

 

www.today.kz