«Арқайым» тобының шығармашылық кеші

«Арқайым» тобының шығармашылық кеші

«Арқайым» этно-фольклорлық тобы 2014 жылы құрылды. Топ мүшелері 30 шақыт меңгерген музыкалық аспаптарды кәсіби музыканттар. Репертуары халық ән-күйлерімен, өз туындылары, сондай-ақ, көнемен ән айту дәстүрін де насихаттайды. Топтың құрылғанына аз уақыт болса да Венгрия, Ресей, Франция, АҚШ, Қытай елдерінде жеке концерттерін беріп үлгерді.

Әуендетем, әндетем...

Әуендетем, әндетем...

Орындалған шығармалар:

1. Сегіз сері "Алқоңыр"

2. Біржан сал "Бурылтай"

3. Л. Роблесс "Айдарлы "Айдарлы құмайдың самғауы

4. Біржан сал "Керкекіл"

5. Халық әні "Бір бидай арпа"

6. Ақан сері "Ақтоқтының зары"

7. Ақан сері "Балқадиша"

 

 

 

Дәнеш Рақышев қалыптастырған ән мектебі

Дәнеш Рақышев қалыптастырған ән мектебі

Биыл Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтің туғанына 90 жыл толды. Бар ғұмырын ән өнеріне арнаған дарын иесін әншілікке баулаған ата-анасы болатын. Оның әкесі әнші, домбырашы, сырнайшы болған.

 

Дәнеш әнші ақындар Әсет, Шашубайлармен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды. Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б. Майлиннің «Шұға» спектакліндегі Әбдірахман, М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» және «Қалқаман-Мамырында» Жапал мен Қалқаман бейнелерін сомдады. 1959 жылы Қазақстанға келген соң, Талдықорған халық театрына басшылық жасады. 1968 жылдан Талдықорған облыстық филармониясының солисі болды. Оның репертуарында қазақ халық әндері мен халық композиторларының туындыларына қоса ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар әндері де бар. Бүгінде Дәнеш Рақышевтің ерекше ән орындау үлгісі өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Мұхит мұрасы

Мұхит мұрасы

Ата-бабаларымыздан қалған қасиетті мұраларымыз аз емес. Солардың ішінде Батыс Қазақстан әншілік мектебінің көрнекті өкілі Мұхит Мерәліұлының әндері дәстүрлі орындаушыларымыздың репертуарынан берік орын алды. Кең тынысты асқан орындаушылық шеберлікті талап ететін туындылар кез келген әншіге бағына бермесі анық. Әнші-ұстаз Сәуле Жанпейісова – осындай мұраны насихаттап, жастарға үйретіп жүрген өнер майталманы. «Айдай», «Үлкен Айдай», «Кіші Айдай», «Көк Айдай» деп аталатын Мұхиттың әндері бүгінге дейін жетіп, баға жетпес қазынаға айналды.

Дәстүрлі әншілер неге эстрада әндерін айтуға құмар?

Дәстүрлі әншілер неге эстрада әндерін айтуға құмар?

Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы, соның ішінде дәстүрлі әннің өнерде орны бөлек. Құлақтың құрышын қандыратын төл әндеріміздің ұрпақтан ұрпаққа жетуі орындаушылардың шеберлігі болар. Дәстүрлі әндер қаншалықты танымалдылыққа ие? Дәстүрлі әншілер неге эстрада әндерін айтуға құмар?

 

Бұған дәстүрлі әншілердің бірі өз мүмкіндігін көру десе, екіншісі заман талабы дегенді айтады. Сонда төл өнеріміздің әндерін тыңдайтын қазақ азайды ма? Бұл сұрақтардың жауабын «Әңгіменің ашығы» бағдарламасы іздеп көреді.

Елімізде «Шырқа, дауысым!» республикалық ән байқауы өтеді

Елімізде «Шырқа, дауысым!» республикалық ән байқауы өтеді

Мамыр айының басында елімізде «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы Оқушылар сарайының қолдауымен «Шырқа, дауысым!» атты республикалық ән байқауы өтеді. Шараны Нұрлан Албан мен «TARTU production» ұйымдастырып отыр.

«Байқау өнерге бет бұрған жастарымыздың рухани тынысын кеңейтіп, патриоттық рухтың жандануына, елімнің, жерімнің мақтанышы болуына негіз болады. Әрбір орындаушы сайыста тәлім-тәжірибе жинақтай отырып, үлкен сахнаға қадам басады. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ халқы небір әдемі әуенге өрілген, асыл сөздің моншақ кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын ізгілікпен адамгершілікке жетелеген. Сондықтан, мұндай шараның жасөспірімдер арасында өтуі – жастарға дәстүрлі әндерді насихаттауға ықпалы зор деп білемін»– дейді танымал әнші, байқау ұйымдастышыларының бірі Нұрлан Албан.

 

www.baq.kz