М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры актерлерінің сомдауындағы қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы.

 

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов.

Қазақ драмасының қазіргі ахуалы

Қазақ драмасының қазіргі ахуалы

«Қазақ драмасы шетелде танылып жүр ме?!» Дәл осы тақырып аясы ток шоуға діңгек болыпты. Негізі соңғы рет өткен жылы Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі кездесу» қойылымы Лондонда сахналанған еді.

 

Ақтауда «Абылай хан» қойылымының премьерасы өтті

Ақтауда «Абылай хан» қойылымының премьерасы өтті

Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында Әбіш Кекілбаевтың драмалық тундысы негізінде«Абылай хан» қойылымының тұсаукесері өтті. Шығарма Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

 

Театрдың бас режиссері Гүлсина Мерғалиева сахналық қойылымда тарихи оқиғалармен салыстырмалы түрде қазіргі заман көріністері де орын алады. 

 

«Абылай ханның қазақ тарихындағы дипломатиялық іс жүргізуі еліміздің қазіргі заманда мемлекеттер арасындағы геосаяси қатынасында қолданылып, мұра ретінде септігін тигізіп отыр. Біз автордың көсем сөздерге толы бай тілін сол күйінде көрермендерге жеткізуге тырыстық. Бүгінде сахна тілі жоғалып бірте-бірте жоғалып бара жатқандықтан, осы мәселеге ерекше назар аудардық. Көрермен сол дәуірдегі қазақ тілінің ерекшелігіне тәнті болады», - деді режиссер.

 

Маусым айының соңында «Абылай хан» спектаклі Астанадағы М. Горький атындағы академиялық театрда көрсетілмек.

 

www.lada.kz

 

Оралда «Жәннат» драмасының тұсаукесері өтті

Оралда «Жәннат» драмасының тұсаукесері өтті

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер Мұқанғали Томановтың «Жәннат» атты драмасының премьерасы болды.

 

Туынды тақырыбы – қазіргі таңда көкейкесті мәселеге айналып отырған діндегі адасушылық. Теріс ағымдарға ілесіп, отбасылық және ұлттық құндылықтарды тәрк етіп, қоғамнан аулақтағандардың тірлігі көз алдыңа келеді. Адасқандардың алды шетелдердегі қақтығыстарға аттанып, бірқатары сотталып та жатыр. Міне, театр әртістері осы шынайы өмірді суреттеп, мұндай жат қылықтардан елді, әсіресе, жастарды сақтандырады.

 

«Жәннат» драмасы БҚО дін істері басқармасының бастамасымен қойылды. Авторға теологтар Мақсат Раманқұлов пен Нұржан Стамбакиев кеңес берген.

 

www.today.kz

Б. Момышұлының өміріне арналған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасы сахналанды

Б. Момышұлының өміріне арналған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасы сахналанды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Қазақстан халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» драмасының премьерасы өтті.

Халық батыры Бауыржан Момышұлының өміріне арналған спектакльді белгілі режиссер Қуандық Қасымов қойды.

Қойылымда батырдың үйлену сәті, ауылына келген кездегі қарама-қайшылықтар, Кеңес дәуіріндегі ұлттық тәрбиенің, қазақы салт-дәстүрлердің аяққа басылуы, өтіріктің өрге басып, жалғандық пен жаланың төрге озуы майдан көріністерімен қоса өріліп отырады.  Тек қана ақиқатты ту еткен батыр әділетсіздіктерге қарсы тұра да біледі. Ол соғыс оқиғаларының да тек шындық тұрғысынан жазылуын қалайды. Қоғамда ұлттық рухтың жоғалып бара жатқанына жан-тәнімен наразы. Әсіресе, оның мемлекеттік тіл тұрғысындағы батыра айтқан өткір сөздері қазіргі кезеңмен үндесіп жатыр.

Елдегі Бауыржан бейнесін Теміржан Матаев сомдаса, майдандағы батырды Манас Кенжетаев алып шықты.

Премьераны тамашалау үшін Алматыдан арнайы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова келді.

«Атам «Мен өмірде де, өлгеннен кейін де тірілердің ортасында жүремін. Әйтеуір халықпен бірге болыңдар, сонда адаспайсыңдар» деп айтып отыратын. Сол сөздің шындық екеніне бүгін тағы көз жеткізіп отырмын. Ол өмір бойы ұлттық рухты ту етіп, қазақты әлемге танытқан күллі халықтың ортақ тұлғасына айналды. Осы спектакль – соның бір дәлелі», - деді ол.

 

www.inform.kz

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 15.04.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 15.04.2015

Бағдарлама тақырыптары: Ақын Қадыр Мырза-Әлінің 80 жылдық мерейтойына арналған концерт болды; Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Т. Ахтановтың «Ант» драмасының премьерасы өтті; Танымал саксофонист Ермек Меденовтың шығармашылығындағы тың жаңалықтар; Студия қонағы – әнші Абай Бегей.