Ұлпаларды өсіру саласындағы медицина жаңалықтары

Ұлпаларды өсіру саласындағы медицина жаңалықтары

Фильм ғылымдағы маңызды кезең туралы баян етеді. Ұлпаларды өсіру әдісі пайда болған соң, соңғы елу жылдың ішінде ғалымдар аурулардың себеп-салдары мен пайда болу тетіктері жайлы, бұрынғы мыңжылдықтарға қарағанда анағұрлым көптеген ашылулар жасады. Осы жаңалықтың арқасында, вивисекцияға жүгінбей, вакцина алу үшін вирустарды өсіруге мүмкіндік туды. Бұл әдіс, жасушалардың өсуі мен дамуы, дәрілік және косметикалық заттардың тірі ұлпа трофикасы мен құрылысына әсері туралы баға жетпейтін мәлімет алуға мүмкіндік берді. Күйік пен терінің ауыр жарақаты кезінде, қолдан өсірілген материал қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін қолданылады. 

Микробиология және вирусология институтының ғылыми жетістіктері

Микробиология және вирусология институтының ғылыми жетістіктері

Бағдарлама саны Алматы қаласындағы «Микробиология және вирусология» институтының тыныс-тіршілігіне және ғылыми жетістіктеріне арналады. Бағдарлама барысында көрермен институт ғалымдарының жаңа препараттарымен таныса алады. Мәселен, «Ризовит-АКС» биопрепараты минералды тыңайтқыштардың баламасы ретінде және сояның өнімділігін   арттыру үшін қызмет етеді. Ал «Бакойл-KZ» биопрепараты топырақты мұнай өнімдеріне тазарту мақсатында әзірленген. Бағдарлама аясында бұл препараттардың тиімділігі, қолдану мақсаты айтылады, сондай-ақ, институт ғалымдары жаңа ғылыми жобаларымен де бөліседі.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап!

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап!

Жер шарындағы адам саны көбейген сайын, микробиология ғылымына деген қажеттілік те, оған жүктелген міндет те күн санап артуда. Себебі микробиология тек вирустар мен бактерияларды зерттеумен шектелмейді. Әр түрлі ауруларға қарсы препараттар дайындаумен қатар, микробиология ғылымы мал азығын дайындауға да көп үлес қосып отыр.

Вируссыз картоп өсіру технологиясы

Вируссыз картоп өсіру технологиясы

Бүгінде көп қолданылатын тағам ішінде картоптың орны ерекше. Бірақ, өкінішке орай картоп тез шіріп, ұзақ сақталмайды. Степногорск қаласындағы Ұлттық биотехнологиялық орталығында вируссыз картоп өсіріліп, бұл олқылықтың орнын толтырды. Сонымен қатар тропикалық көкөніс батат та өсіріліп, жақында сатылымға шығарылмақ. Олардың өсімі мен таралымы жайлы бағдарлама барысында біле аласыздар.

Қауіпті вирус тіршілігі

Қауіпті вирус тіршілігі

Көзге көрінбейтін вирус аса қарқынды дамып, жетіліп, аз уақыттың ішінде жанды тіршілік иесінің ағзасына қауіп төндіре алады. Вирус – әр түрлі ауруларды туғызушы агенттік ретінде есептеледі. Адам өміріне вирустар қаншалықты қауіпті?