Әуендетем, әндетем...

Әуендетем, әндетем...

Орындалған шығармалар:

1. Сегіз сері "Алқоңыр"

2. Біржан сал "Бурылтай"

3. Л. Роблесс "Айдарлы "Айдарлы құмайдың самғауы

4. Біржан сал "Керкекіл"

5. Халық әні "Бір бидай арпа"

6. Ақан сері "Ақтоқтының зары"

7. Ақан сері "Балқадиша"

 

 

 

Тарихи суретте кім бейнеленген: Ақан сері ме, Біржан сал ма?

Тарихи суретте кім бейнеленген: Ақан сері ме, Біржан сал ма?

Ақан серінің сақталып қалған жалғыз суреті ұзақ жылдар бойы Біржан салдікі деп есептеліп келген еді. Алайда, бір күні музей директорына қарт журналист келіп, фотоның түпнұсқасын көрсетеді және оның қолына қалай түскенін баяндап береді. Қызығы сол, бұл суретті оған 1965 жылы бір кісі әкеліп бергенімен, фото белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Тек арада 50 жыл өткен соң ғана суреттің түпнұсқасы табылады. Сонан соң әлгі кісі құнды жідігерді музейге әкеп тапсырады.

 

Шытырман оқиға мен құпияға толы Ақан сері суретінің тарихы туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде анықтайтын боламыз.

ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады

ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады

Бұл туралы «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында Зеренді ауданы бойынша ҚХА жауапты хатшысы Күләш Рақымжанова мәлімдеді.

 

«Зеренді жері талай ақын, әншілерді өсірген жер. Біржан сал, Ақан серіні білмейтін адам жоқ. 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде Әміре Қашаубаев «Балқадиша» әнімен әлемді дүркіретіп, елді аузына қаратты. «Балқадиша» әні бүгінгі біздің XXI ғасырда Астана төрінде өткелі жатқан ЭКСПО-да гимн ретінде айтылмақ», - деді Күләш Рақымжанова. 

 

11қыркүйек күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды. Экспедицияның бірінші аялдаған жері – Бурабай. Одан кейінгі тоқтаған жері – табиғаты көркем, тарихы бай Зеренді елді мекені. Ал бүгін таңертең топ Көкшетау қаласына келіп жетті. Қазіргі уақытта экспидиция мүшелері өлке тарихымен танысуда.

 

Одан кейін экспедиция мүшелері Зеренді маңында жақында ғана ашылған Балқадиша ескерткішіне ат басын бұрды. Одан кейін биыл 100 жылдығы кеңінен аталып өткен Кеңес одағының батыры, қазақ жазушысы, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне барып, оның күйеубаласы Нұрғали Олжабайұлымен тілдесуге мүмкіндік алды.

 

Жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, тарихта есімдері көп еленбей қалған, енді ғана зерттеліп, зерделеніп жатқан Бөгенбай би, Қошқарбай батыр, Шал ақын мен т.б. туралы тың материалдар алынды. Кездесуден кейін аталған аруақтар үшін Бөгенбай би мазарына барып, құран бағыштап, көне замандағы Орманды Бұлақ қорымдарын көруге мүмкіндік туды.

 

Сондай-ақ, топ Кеңөткел ауылынан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта орналасқан Қошқарбай қорымындағы көне ескерткіштерге куә болды. Жергілікті тұрғындардың мәліметіне сәйкес, бұл ауылда Ақан сері әнін арнаған Балқадиша ару өмір сүрген.

 

www.strategy2050.kz

Біржан салдың шөбересі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады

Біржан салдың шөбересі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады

Қазақтың ұлы ақынының шөбересі Марал Теміртасов - Ақмола облысындағы Қазақстан деген ауылдың тұрғыны.

 

Марал Теміртасов Зеренді ауданына қарасты Қазақстан ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Сол ауылда әйелі, қызы, баласы және келіні бәрі бірге тұрады. Шөбересінің айтуынша, атақты Біржан салдың дарыны, домбырамен ән салу, өлең шығару секілді қасиеттері ұрпақтарынан ешкімге берілмеген. Өйткені қызы - заң саласында қызмет етсе, ұлы - экономист. Бірақ бала кездерінде өнермен әуестенген.

 

"Қызым кішкентай күнінде домбыра үйірмесіне қатысып, мектепшілік мерекелерде өнер көрсететін. Алайда өсе келе өнерді қойды. Мен ешқашан балаларымның мамандық таңдауына кедергі келтірген жоқпын. Олар өздері осы саланы таңдады. Бірақ ұлымның тілге шешендігі, табан асты суырып салмалық өнері, тапқырлығы бар. Атамыздың ақындығы осы ұлыма берілген шығар деп ойлаймын. Үлкендер "ұқсастық 7 атадан кейін келеді", - дейді ғой. Бәлкім менің немерелерім немесе шөберелерім Біржан салдай елді ауыздарына қарататын әнші, ақын болатын шығар", - деді ол. 

 

Марал Біржан сал туралы қалағанымдай көп естіген жоқпын дейді. Бірақ көп әңгімесін Степняк қаласы, Еңбекшілдер ауданының тұрғындары айтқанын айтты. Дәл осы жер әйгілі ақынның туған жері болып есептеледі.

 

"Біржан сал сұңғақ бойлы жігіт болған дейді. Оның бойының ұзындығы - 190 сантиметр, жүзі жарқын, көздері қара болған. Ол ән салған кезде дауысы 14 шақырымнан естілген. Адамдар бәрін тастап тыңдап, құлақ құрышын қандырған деседі. Бай-манаптар бір емес, екі тұлпар мінгізіп, қонақ қылатын болған", - деді Теміртасов.

 

Сонымен қатар, Біржан сал мен әкесінің арасында келіспеушіліктер болыпты. "Біржан сал әкесіне ренжігені туралы естідім. Сол себепті ол атасының қолында өскен. Оның есімі - Қожағұл. Біржан Қожағұлұлы деген осыдан шықса керек-ті. Әкесіне қарағанда атасы айтысты өте жақсы көрген және өнерді қолдаған.

 

Марал өзінің арғы тегін әрқашан ардақ тұтады, бірақ жарияға жар салып, жарнамалағанды жақсы көрмейді. Оның Біржан салдың ұрпағы екенін бірнеше адам ғана біледі. "Мен әйгілі әншінің шөбересімін деп ешқашан мақтанбаймын. Қазақстан елдімекеніне көшіп келген кезде шамамен 5 жылдай менің Біржан салдың шөбересі екенімді ешкім білген жоқ. Кейін бәріне белгілі болған соң, ауыл тұрғындары үйге келіп, әңгіме-дүкен құрып, түрлі сұрақтарын қоятын болды. Көпшілігін Біржанның неше әйелі болғандығы қызықтырады. Википедияда оның төрт әйелі болған деп жазады. Бірақ мен ондай ештеңе естіген жоқпын", - деді ол.

 

www.massaget.kz

Алматыда отандық фильмдер тегін көрсетіледі

Алматыда отандық фильмдер тегін көрсетіледі

Наурыз мейрамы қарсаңында Алматыда отандық кинофильмдердің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Фильмдер 2015 жылғы 20, 21, 22, және 25 наурыз күндері қаланың кинотеатрларынан көрсетілмек. Фильм атаулары мен уақыты төменде көрсетілген:

20.03.2015:

11:00, «Иллюзион Атриум» кинотеатры (тел: 279-32-86) – «Біржан сал»(орыс тілінде)

11:00, «Арман» кинотеатры (тел: 264-52-46) - «Жау жүрек мың бала» (орыс тілінде)

21.03.2015:

11:00, «Райымбектегі кинозал» (тел: 246-86-51) – «Жау жүрек мың бала» (қазақ тілінде)

22.03.2015:

14:00, «Райымбектегі кинозал» (тел: 246-86-51) – «Аңшы бала» (қазақ тілінде)

25.03.2015:

14:00, «Райымбектегі кинозал»– «Жеңіс семсері» (орыс тілінде)

 

 

 

www.kinostan.kz

 

 

 

 

 

 

Наурыз мерекесі қарсаңында М. Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады

Наурыз мерекесі қарсаңында М. Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы ұсынылады

20 наурыз күні шуағын төккен көктемгі мереке – Наурыз қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Астана Опера» театры М. Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсын ұсынады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Басты партияларда өнер көрсететін қазақстандық белгілі опера әншілері:

Бiржанның рөлінде тенор дауысты М. Бәйнешов, ал Сараның дауысын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Жарқымбаева сомдамақ.

Сондай-ақ, Бибігүл Жанұзақ, Дина Хамзина, Нарұл Тойкенов, Жанат Шыбықпаев, Талғат Ғалеев, Жан Тапин және Ескендір Әбжанов сынды опера әншілері өнер көрсетеді.

Аса көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтің қайталанбас туындысының тұсаукесері «Астана Опера» театрында 2013 жылдың 21 маусымында өткен болатын.

Лирикалық-драмалық туындыда Біржан сал мен ақын Сара арасындағы махаббат күші, сол замандағы өткен өмір, қатыгез байлардың озбырлығы суреттеледі. Сондай-ақ, операда өнер адамының еркіндігі үшін күрес, махаббат пен бақытқа қол жеткізу құқығы жолындағы машақаты көрініс табады.

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 09.02.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 09.02.2015

Бағдарлама тақырыптары: Біржан салдың «Ләйлім шырақ» әні; Республикалық Мұқағали оқулары; Жазушылық дарынның құпиясы; Аслан Жақсылықовтың еңбегі жарық көрді; Студия қонағы – «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы.   

Қазақ операсының болашағы

Қазақ операсының болашағы

Белгігі опера әншісі, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісіКенжеғали Мыржықбаев «Астана ONLINE» бағдарламасының қонағы болып, бүгінгі күнгі операның жағдайы жайлы сөз қозғады.