Қазақстанның батысына кірер қақпа – АҚТӨБЕ

Қазақстанның батысына кірер қақпа – АҚТӨБЕ

Ақтөбе – Қазақстанның Батысына кірер қақпа. Орал, Атырау, Ақтау қалаларына Ақтөбе арқылы ғана баруға болады. Ақтөбе Қазақстанның батысындағы қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Ақтөбе Қазақстан қалалары арасында халық саны бойынша 5 орында орналасқан. Қазіргі таңда қалада 440 мың халық тұрады. Тұрғындардың басым бөлігі мұнай саласын қоспағанда түрлі  минералды-шикізат өндіріс орындарында жұмыс істеп келеді. Батыстың шырайлы өлкесі тағы несімен ерекшеленіп, мақтана алады? Оны деректі фильмнің көрсетілімінен көріп, қаланың ерекше мамандыққа ие тұрғындарының өз қаласы туралы хикаяларын тыңдай аласыздар.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Керчь қаласында 5-10 маусым аралығында өткен «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Қырым жерінде осымен он жетінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы додаға батысқазақстандықтар Еврипидтің «Троя аруларымен» қатысты. Жиырма алты адамнан тұратын топты театр директоры Қуаныш Амандықов пен бас режиссері Мұқанғали Томанов бастап барды.

«Троя аруларын» Орал сахнасында тараздық белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов биыл сахналаған болатын.

«Троя арулары» трагедиясы үшін батысқазақстандық театр аталмыш фестивальдің бас жүлдесі - «Боспор Никасымен» марапатталды. Сонымен қатар Гекуба ролінде ойнаған театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Исалиева «Ең үздік әйел бейнесі үшін» аталымымен марапатталды. Қазақ театр өнерін әрдайым жоғары бағалайтын Ресейдің халық әртісі Александр Голобородько бастаған қазылар алқасы және фестивальді ұйымдастырушылар Татьяна Умрихина мен Елена Клименколарға ризашылығымызды білдіреміз», деді қуанышты хабарды жеткізген Қ.Қасымов.

Еске сала кетейік, батысқазақстандық театр бұдан бұрын да халықаралық, республикалық өнер байқауларына қатысып, олжамен оралып жүрген болатын. Әсіресе, 2012 жылғы қазанда Қостанай қаласында Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде Григорий Гориннің «Атың өшкір Геростратын» (режиссері Мұқанғали Томанов) қойып, жеті бірдей жүлдені алып қайтқан еді.

 

 

inform.kz