Қазақстанның батысына кірер қақпа – АҚТӨБЕ

Қазақстанның батысына кірер қақпа – АҚТӨБЕ

Ақтөбе – Қазақстанның Батысына кірер қақпа. Орал, Атырау, Ақтау қалаларына Ақтөбе арқылы ғана баруға болады. Ақтөбе Қазақстанның батысындағы қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Ақтөбе Қазақстан қалалары арасында халық саны бойынша 5 орында орналасқан. Қазіргі таңда қалада 440 мың халық тұрады. Тұрғындардың басым бөлігі мұнай саласын қоспағанда түрлі  минералды-шикізат өндіріс орындарында жұмыс істеп келеді. Батыстың шырайлы өлкесі тағы несімен ерекшеленіп, мақтана алады? Оны деректі фильмнің көрсетілімінен көріп, қаланың ерекше мамандыққа ие тұрғындарының өз қаласы туралы хикаяларын тыңдай аласыздар.

Ақтөбелік кәсіпкер киіз басып, 3 миллион ұтып алды

Ақтөбелік кәсіпкер киіз басып, 3 миллион ұтып алды

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті ауылының тұрғыны Дәулетхан Шойтанов қазақтың қой жүнінен киіз басу өнерін қайта жандандырды. Тың идеяны «Атамекен Стартап» байқауына ұсынып, 3 миллион теңге ұтып алған кәсіпкер енді өз жұмысын Алға ауданының орталығында жалғастырады. 

 

Төрт түліктің терісін сатуға болғанымен, жүніне сұраныс жоқ. Бұрын қапқа салып, қажет кезде жуып, кәдеге жаратын әжелер болатын. Қазір бұл шаруаға ешкім бас бұрып қарамайды, реті келсе жүнді өртеп, болмаса далаға лақтыра салады. Ал облыс орталығындағы қабылдау бекеттерінде жүннің құны көк тиын. Бұл көріністерге қарап, ауыл баласы ойланды, шешімін тапты.



«Қой жүні бұрын бағалы, құнды еді. Қазір қыз-келіншектер, тіпті әжелер лас жұмыс көреді, ерінеді. Ал жүнді кәдеге асырып, киіз басу еңбекқорлықты, шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді»,- дейді Дәулетхан Шойтанов.

 

Кейін ойға алған ісін қағазға түсірді, есебін шығарып, «Атамекен Стартап» байқауына ұсынды. Оның ойы озық шығып, 3 миллион теңге ұтып алды. Жұмыс алға басқан кезде қой жүнін өндеу, одан бұйым жасау жолын қарастырды. Елімізде бұл өнерді оңтүстік өңірі сақтап қалған.



Дәулетхан Шойтанов ауылдағы көрші-қолаң мен ағайыннан қой жүнін сатып алып, оны арнайы станокпен түтеді. Бір күнде мұнда 20 киіз басып шығаруға мүмкіндік бар.



Кәсіпкер алдағы жылдары сәнді текемет, жылы байпақ пен киім тігуді де жоспарлап қойған. Сөйтіп, ұмытылып, қолданыстан шығып бара жатқан ата кәсіпті қайта жаңғырту, қолданысқа енгізу ойда бар. Тіпті, шетелге шығарып, қазақтың қолөнерін дамытуға бел буып отыр.

 

www.bnews.kz

Ақтөбеде қуыршақ театрларының фестивалі басталды

Ақтөбеде қуыршақ театрларының фестивалі басталды

Ақтөбеде «Ассалаумағалейкум» халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды. Өнерпаздар қаланың бас даңғылына салтанатты шеруге шықты.

 

Ақтөбе қаласына еліміздің әр өңірі мен Белоруссия, Башқұртстан, Қырғызстан, Чувашия, Татарстан және Ресейден келген өнерпаздар жиналды. Сәнді киінген балалар мен салиқалы халық әртістері бүгін қала халқын тағы бір қуантты.

 

www.bnews.kz

Алғашқы балалар музыкалық фильміне кастинг жарияланды

Алғашқы балалар музыкалық фильміне кастинг жарияланды

Ақтөбеде жас жұлдыз іздестірілуде. Жаңа отандық музыкалық балалар фильміне болашақ әртістерді іріктеу басталды. Бұл жобаны қолға алған – жергілікті продакшн-студия жетекшілері.

 

Фильмде Алуа есімді қыздың басындағы жағдайы баяндалады. Талантты қыз танымал эстарада жұлдызы болуды армандайды. Алайда, фильм желісі бойынша, ата-анасы ажырасамыз деген шешім қабылдағаннан кейін, озат оқушының жағдайы күрт өзгереді. Үштіктер алып, қатарынан оқшаулана бастайды. Алайда, достарының көмегімен қиындықтарды жеңіп, ата-анасын қайта табыстырып, арманына қол жеткізеді. «Бұл – көпке ортақ мәселе. Сондықтан жас жеткіншектерді алға биік мақсат қоюға тәрбиелеу маңызды», - дейді жоба жетекшілері. Бүгінде 30 бала іріктелініп алынған. Түсірілім күз айларында басталып, жыл соңында фильмнің тұсаукесерін жасау жоспарланған.


www.24.kz

Ақтөбеде «Степной аккорд-2015» халықаралық авторлық әндерінің фестивалі өтті

Ақтөбеде «Степной аккорд-2015» халықаралық авторлық әндерінің фестивалі өтті

2015 жылдың 17-19 шілде аралығында Ақтөбеде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Степной аккорд-2015» атты фестиваль тәмамдалды.

 

Шараның басты мақсаты – жастардың бойында поэзия мен музыкаға деген талғамдарын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, үздік авторлық әндер үлгілерін сақтап, кеңінен насихаттау.

 

Фестиваль балалар және ересектер арасында 2 кезең бойынша өтті. Байқаудың негізгі талабы – әндерді акустикалық гитараның сүйемелдеуімен айту болды. Сонымен қатар өлеңдердің мазмұны, әні, орындаушылық шеберлігі қазылар алқасымен бағаланды.

 

Қазылар алқасының құрамында талантты авторлар мен орындаушылар, құрметті қонақтар болды: Павел Фахртдинов, (Мәскеу қ.), Максат Сарсенбеков, (Астана қ.), Гульзада Бейсембаева, (Астана қ.), Владимир Тиньгаев, (Байқоңыр қ.), Виктор Калачёв, (Кувандык қ.), Дмитрий Ананьев, (Оренбург қ.), Айрат Гузаиров, (Оренбург қ.), Фарит Сахабутдинов, (Алматы қ.), Ирина Лобода, (Алматы қ.), және де Ресей Федерациясының (Кувандык, Орск, Новотроицк, Екатеринбург, Москва) мен Қазақстан (Астана, Алматы, Орал, Байқоныр, Жезқазған, Екібастұз, Ақтөбе) қалаларының шығармашылық ұжымдары мен бард клубтары қатысты.

 

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.

 

www.akimataktobe.gov.kz

 

Ақтөбеде Ә. Молдағұлованың 90 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтуде

Ақтөбеде Ә. Молдағұлованың 90 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтуде

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Жерім менің» патриоттық әндер байқауы басталды. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мен Қырғызстаннан 20-дан астам өнерпаз қатысып жатыр. 

 

«Жерім менің» байқауы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылды. Сонымен қатар белгілші композиторБейбіт Оралұлының шығармашылығы кең насихатталуда. Себебі, байқау шарты бойынша екі әннің бірі осы Б.Оралұлының туындысы болуы шарт.

 

«Композитор Б. Оралұлының қай әнін алсаңыз да халықтың құлағында, жүрегінде сақтаулы. Ол өте талантты адамның ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Сондықтан патриоттық әндер байқауы керек. Қазақ халқының келешек ұрпағын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады»,- деді әділқазылар төрағасы, композитор Кеңес Дүйсекеев.

 

Оның айтуынша, патроттық әндер байқауы республикалық, халықаралық емес, әлемдік деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана шетел қазақты таниды, біледі.

 

Байқау қорытындысы бүгін шығарылады. Жеңімпаздар ертең Ақтөбе облысы, Қобда ауданында өтетін гала-концертке қатысады. Онда Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл толуына орай мәдени-танымдық шара өтеді.

 

www.bnews.kz

 

Ақтөбеде халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі ашылды

Ақтөбеде халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі ашылды

Ақтөбеде балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған «Әлия гүлі» достарын қарсы алады» халықаралық фестивалі ашылды.

 

Ол 44 ақтөбелек Кеңес Одағы Батырларының және үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлерінің барельефтеріне, сонымен қатар Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

 

Шараға қатысушылар эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрінің әуенімен соғыс батырларының портреттері қойылған жерге келді. Шеруге Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттары да қатысты.



Әлия Молдағұлова мемориалдық кешені маңында шеруге қатысушыларды соғыс және еңбек ардагерлері, фестивальге келген қонақтар мен аймақ жастары қарсы алды.

 

Фестиваль Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған. Шараға Ресей Федерациясының және Қазақстанның көптеген облыстарының ондаған шығармашылық ұжымдары қатысуда.

 

Фестиваль 18 маусым күні аяқталады.

 

 

www.inform.kz

 

"Руханият кеңістігі". Ақтөбе

"Руханият кеңістігі". Ақтөбе

Қазақ елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбенің де тамыры тереңде жатқан тарихы бастауын бағзы замандардан алады. Еуразияның асыл белдігі Ақтөбе жерінің тау-тасы мен өзен-көлі, киелі топырағы небір тарихтың, жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, талай тағдырлардың куәсі болғаны белгілі. Ал бүгінде Ақтөбе облысы – Қазақ елінің батыс бөлігіндегі геосаяси, экономикалық әрі стратегиялық маңызы зор, жер қойнауы өте бай, экономикалық әлеуеті басым өңір. Арнай жобамыздың кезекті саны Ақтөбе өңірінің мәдени өміріне арналмақ.