Әуендетем, әндетем...

Әуендетем, әндетем...

Орындалған шығармалар:

1. Сегіз сері "Алқоңыр"

2. Біржан сал "Бурылтай"

3. Л. Роблесс "Айдарлы "Айдарлы құмайдың самғауы

4. Біржан сал "Керкекіл"

5. Халық әні "Бір бидай арпа"

6. Ақан сері "Ақтоқтының зары"

7. Ақан сері "Балқадиша"

 

 

 

Тарихи суретте кім бейнеленген: Ақан сері ме, Біржан сал ма?

Тарихи суретте кім бейнеленген: Ақан сері ме, Біржан сал ма?

Ақан серінің сақталып қалған жалғыз суреті ұзақ жылдар бойы Біржан салдікі деп есептеліп келген еді. Алайда, бір күні музей директорына қарт журналист келіп, фотоның түпнұсқасын көрсетеді және оның қолына қалай түскенін баяндап береді. Қызығы сол, бұл суретті оған 1965 жылы бір кісі әкеліп бергенімен, фото белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Тек арада 50 жыл өткен соң ғана суреттің түпнұсқасы табылады. Сонан соң әлгі кісі құнды жідігерді музейге әкеп тапсырады.

 

Шытырман оқиға мен құпияға толы Ақан сері суретінің тарихы туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде анықтайтын боламыз.

ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады

ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады

Бұл туралы «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында Зеренді ауданы бойынша ҚХА жауапты хатшысы Күләш Рақымжанова мәлімдеді.

 

«Зеренді жері талай ақын, әншілерді өсірген жер. Біржан сал, Ақан серіні білмейтін адам жоқ. 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде Әміре Қашаубаев «Балқадиша» әнімен әлемді дүркіретіп, елді аузына қаратты. «Балқадиша» әні бүгінгі біздің XXI ғасырда Астана төрінде өткелі жатқан ЭКСПО-да гимн ретінде айтылмақ», - деді Күләш Рақымжанова. 

 

11қыркүйек күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды. Экспедицияның бірінші аялдаған жері – Бурабай. Одан кейінгі тоқтаған жері – табиғаты көркем, тарихы бай Зеренді елді мекені. Ал бүгін таңертең топ Көкшетау қаласына келіп жетті. Қазіргі уақытта экспидиция мүшелері өлке тарихымен танысуда.

 

Одан кейін экспедиция мүшелері Зеренді маңында жақында ғана ашылған Балқадиша ескерткішіне ат басын бұрды. Одан кейін биыл 100 жылдығы кеңінен аталып өткен Кеңес одағының батыры, қазақ жазушысы, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне барып, оның күйеубаласы Нұрғали Олжабайұлымен тілдесуге мүмкіндік алды.

 

Жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, тарихта есімдері көп еленбей қалған, енді ғана зерттеліп, зерделеніп жатқан Бөгенбай би, Қошқарбай батыр, Шал ақын мен т.б. туралы тың материалдар алынды. Кездесуден кейін аталған аруақтар үшін Бөгенбай би мазарына барып, құран бағыштап, көне замандағы Орманды Бұлақ қорымдарын көруге мүмкіндік туды.

 

Сондай-ақ, топ Кеңөткел ауылынан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта орналасқан Қошқарбай қорымындағы көне ескерткіштерге куә болды. Жергілікті тұрғындардың мәліметіне сәйкес, бұл ауылда Ақан сері әнін арнаған Балқадиша ару өмір сүрген.

 

www.strategy2050.kz

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 06.01.2015

«Қайырлы таң» бағдарламасы. 06.01.2015

Бағдарлама тақырыптары: Н.Тілендиев туындыларының байқауы; Қуыршақтар көрмесі; Ақан сері Жамалға арнаған «Сырымбет» деп аталатын әні; Студия қонағы – ҚР халық әртисі Нүкетай Мышпаева.

«ҚЫЗЫ ЕДІҢ ЫБЫРАЙДЫҢ БАЛҚАДИША...»

«ҚЫЗЫ ЕДІҢ ЫБЫРАЙДЫҢ БАЛҚАДИША...»

 

Ақан бірде ел аралап келе жатып, Арқа өңіріне аты жайылған Ыбырайдың ауылына келіп түседі. Ауылда шілдехана тойы болып жатса керек. Бай ауылы серіні құшақ жая қарсы алғанымен, оның маңына ешкім жолай қоймайды. Себебі, бұл Ақанның ер қанаты Құлагерінен айырылып, жары Ұрқия бақилық болып, қасірет тұманына батқан, елден көңілі суып, тау сағалап кеткен мезеті еді. Ел арасында «Ақан жынданыпты», «Сері жынмен әуейі болып, перінің қызымен үйленіпті-міс» дейтін суық сөз де сумаң қағып, елден елге жайылып, серінің сергелдең тағдырына «күле» қарайтын қауымның күдігі күшейген екен. Сол шілдеханада Ыбырайдың ерке қызы Қадиша елден именбестен, «Сері ағамның жанына мен отырайын» деп, оң жағына жайғасады. Бұла қыздың бұл қылығын әбестікке жорыған ағалары екі жеңгесін жіберіп, қызды шақырғанымен, Қадиша серінің қасынан кетпейді. Ағарып таң атқанда қоштасар сөздің орнына Ақан өзінің «Балқадиша» әнін шырқайды. Сері мен кербез сұлудың арасында қимастық сезімі буырқанып, бұл ән ел ішіне лезде тарайды. Кейбір деректер бойынша, әннің алғашқы мәтіні 90 шумаққа дейін жеткен көрінеді. Ақан құз-жартастарды паналай жүріп, ұзақ зарлы толғауын күн-түн демей шырқаған деседі. Ал, өмірде Қадиша өзінің тұстасы, көңіл жарастырған жігіті Сүлеймен деген кісіге тұрмысқа шығып, 1953 жылы қайтыс болған.  Сүлеймен мен Балқадиша үш қыз, екі ұл сүйген.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер 19

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер 19

Ит – адамның досы, жеті қазынаның бірі. Дәстүрлі ән өнерінің майталманы Ақан сері серілік құрған ғұмырында жүйрік ат, қыран бүркіт ұстап, қасына ит ерткенін көз көргендер бүгінге жеткізіп отыр. Енді осы ит сөзі негізінде туындайтын фразеологизмдермен таныс болайық.

Қазақ операсының болашағы

Қазақ операсының болашағы

Белгігі опера әншісі, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісіКенжеғали Мыржықбаев «Астана ONLINE» бағдарламасының қонағы болып, бүгінгі күнгі операның жағдайы жайлы сөз қозғады.