Үйренуге оңай шет тілдері

Үйренуге оңай шет тілдері

Қай шет тілін тез меңгеруге болады? Шет тілін кәсіби лингвист ретінде игергісі келетін әр адам сабақты қай тілден бастауды ойлап, осы сұраққа жауап іздейді. Тіл үйренудегі басты шарт – адамның ішкі құлшынысы мен табандылығы. Сонымен бірге, үйренгісі келетін тілі жанына жақын, өзіне жағымды, ұнайтын тіл болса еш тілді үйрену де қиын емес.

 

Бірнеше ғасыр бұрын өмірден өткен бәрімізге мәлім Аристотель, Әбунасыр әл-Фараби, Абай секілді полиглоттар сөзімізге дәйек болады. Бастысы, ынта-жігеріңіз мықты, сол тілге деген қызығушылығыңыз жоғары болса жеткілікті.

 

Ағылшын тілі үйренуге ең жеңіл тілдер қатарында көш бастайды. Аталған тілде жақ септік, сөз қиысуы жоқ, грамматикасы барынша қарапайым. Осы қасиетінің арқасында әлемге ең көп танылған, бұл тілді игергендер өкілі барлық жерден табылады. Сөздері қысқа, етістік тек үшінші жақта өзгереді. Әлемде көптеген адам ана тіліне қоса екінші тіл ретінде ағылшын тілін үйренеді, тіл білушілер шетелдіктер қатесін бірден біледі. Осы себептерімен ағылшын тілі әлемдегі ең оңай игерілетін тілдер қатарына кіреді.

 

Итальян тілі де оңай тілдерге жатады. Септік жоқ, жеңіл айтылады. Сөздік бойынша түбі латын тілінен тамыр тартады деуге болады. Яғни, үнді-еуропалық топтағы тілдерді білетін адамдарға таңсық емес.

Испан тілі – үйренуге ең жеңіл тілдердің бірі. Сөздік қоры ағылшын тіліне ұқсас. Орфанрафиясы тым қарапайым, қалай естілсе, солай жазылады. Ол да итальян тілі секілді жеңіл айтылады, бұл тілде сөйлеу оңай, грамматикасы да қарапайым. Әлемде ең көп таралған тілдер сабын құрайды.

 

Француз тілі де қиын емес, көп сөздері ағылшын тіліне ұқсайды. Әлемде көп танылғандықтан, тез үйрену тәсілдерін табу қиынға соқпайды. Осы қасиеттерімен француз тілін де жеңіл меңгеретін тілдер қатарына жатқызамыз.

 

Эсперанто тым қарапайым. Ол да испан тілі секілді, қалай айтылса, солай жазылады. Бұл ғалымдар жасап шығарған тіл. Сондықтан ағылшын, француз, испан тілдерімен салыстырмалы түрде алғанда, эсперанто тілінде сөйлейтін адам аз. Егер сіздің эсперанто тілінде сөйлей білетініңізді көрсе, өзге эсперантистер бауырындай құшақ жая қабылдайтын болады.

 

Өз тіліңізбен туыстас, ұқсас тілдердің кез келгені үйренуге жеңіл келеді. Грамматикасында да, сөздігінде де аса қиынға соғар айырмашылық болмайды. Бір тілді үйренгіңіз келетін болса, кез келген тіл қарапйым, әлде оңай көрінеді. Аудиокітап, электронды кітап, видео сабақтар да ең жақсы көмекші құралы болады.

 

massaget.kz

2016 жылдан бастап 5-сынып оқушылары 4 пәнді ағылшын тілінде оқиды

2016 жылдан бастап 5-сынып оқушылары 4 пәнді ағылшын тілінде оқиды

Ағылшын тілінде оқытылатын 4 пәнді жоғары сынып оқушылары оқиды. Бұл туралы Ұлттық білім беру академиясында мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, сабақты ағылшын тілінде оқыту әдісі кезең-кезеңмен өтеді.

 

 

2016 жылдан бастап 5-сынып оқушылары алдымен химиядағы терминологияны, физиканы, биология мен информатиканы меңгере бастайды және сол пәндер бойынша сабақтан тыс оқуға қатысады. Ал 7-сыныптан аталған пәндер толығымен шет тілінде үйретіледі. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім институтының директоры Есенкелді Тұяқов: «Критералды бағалау жүйесі оқушылардың теориялық білімін бағалайтын болсақ, ол енгізіліп отырған жаңа критериалдық жүйе теориялық білімімен қатар оның сауаттылығын бағалауын мүмкіндік береді. Оның оқушы білуі, түсінуі, анализ жасауы, шығармашылық деңгейі, зерттеушілік қабілетін яғни ойлау дағдыларын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік жасайды», – дейді.

 

www.khabar.kz

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға ағылшын тілін білу талабы күшейтіледі

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға ағылшын тілін білу талабы күшейтіледі

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға ағылшын тілін білу талабы күшейтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.

 

«Келесі жылдан бастап, жоспарға сәйкес ағылшын тілін білу талабы «IELTS" бойынша 5 балға дейін көтерілетін болады. Жыл сайын бұл балл арттырыла береді. Осылайша үздік жоғары оқу орындарына қажетті критерийге дейін біртіндеп жеткізіледі», - деді ол.

 

Ғ.Нығметовтің сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасына қатысушылардың квоталық санатына ағылшын тілін үйрену мүмкіндігі ұсынылады. Яғни, олар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 6 ай Қазақстанда және 6 ай шет елде үйренетін болады. Ал 2020 жылға қарай аталған тілдік дайындық курстары алынып тасталады.

 

www.inform.kz

Астанада «English Theatre Festival» атты ағылшын тіліндегі фестивалі басталды

Астанада «English Theatre Festival» атты ағылшын тіліндегі фестивалі басталды

Астана қаласының Білім басқармасы, Астанадағы «Pearson» компаниясының өкілдігі және ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымы қалалық мектептер мен балабақшалар арасында V қалалық «English Theatre Festival» ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар фестивалін өткізбек. Фестиваль 2015 жылдың 2-8 сәуір аралығында өтеді.

Фестивальдің мақсаты – балалар мен оқушылар арасында театр өнерін дамыту және насихаттау, сонымен қатар, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Фестивальге қаланың 20-дан астам мектебі мен 9 балабақша қатысып отыр. Балалар 4 жас санаты бойынша бақ сынасатын болады: 5-7 жас аралығындағы балалар, 7-10 жастағы мектеп оқушылары, 11-14 жастағы және 15-18 жастағы балалар.

 

www.astana.gov.kz

 

Н. Назарбаев: Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс

Н. Назарбаев: Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс

Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында мәлімдеді.

"Біз былай істеп жатырмыз, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту керек болады. Ал 11-12 сыныптарда сабақтар ағылшын тілінде өтуі тиіс", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы Малайзияның тәжірибесін мысал ретінде келтірді. "Соғыстан кейін тәуелсіздік алып, малай тілін мемлекеттік тіл деп жариялауға шешім қабылдады. Бірақ оны әлемде ешкім білмейді. Сөйтіп қайтадан ағылшын тіліне ауысты. Сингапурда да дәл солай. Ұнайды, ұнамайды емес, бәрі сол тілде (сөйлейді), барлық интернет кеңістік, барлық ІТ технология. Бізге балаларды үштілділіккке үйрету керек", - деді ол.

"Бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ол сақталуы тиіс. Біз бәріміз осы тілде оқуымыз керек. Орыс тілі – ықпалдастық тілі", - деді Президент. 

 

kaz.tengrinews.kz