Әуезов театрының кесек актеры

Әуезов театрының кесек актеры

Әр актердың өмірі құпияға толы, оны қанша зерттесең де толық аша алмайсың. Әйтсе де, актердың халыққа берер тағылымы мол. Сондай жанның бірі, өзінің өнерімен көпке өнеге болып, көптің сүйіктісі атанып жүрген Айдос Бектеміров жайлы не білесіз? Оның да айтылмаған, ашылмаған сырлары бар шығар? Мұхтар Әуезов театрының талантты актеры, кесек актеры атануының себебі неде? Сахна сырлары бағдарламасынан көріңіздер.

«Театр – менің өмірім»

«Театр – менің өмірім»

Бағдарлама көрсетілімі саналы ғұмырын киелі театр сахнасында өткізіп, талай спектакльдерде басты рөлдерді сомдаған, сондай-ақ, кино әлемінде де біршама еңбегі бар дарынды актер Бақыт Тушаевтың шығармашылығына арналады.

Айқын Төлепберген: Әнші болмасам, инженер мамандығын таңдаушы едім

Айқын Төлепберген: Әнші болмасам, инженер мамандығын таңдаушы едім

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Түркітілдес әлемінің музыкасы» атты симпозиумын өтті;

 - Режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» атты жаңа фильмі жазда түсіріле бастайды;

 - Қазақ өнерінің беделді ақсақалы, қазақ театры мен киносының майталманы, барлық қазақққа жүзі таныс Асанәлі Әшімовтың шығармашылығы;

 - Студия қонағы – қазақ эстрадасының әншісі Айқын Төлепберген.

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Актер Оразхан Кенебаевпен кездесу

Әр актердың өзінің орны, сара жолы бар. Міне, сол актерлардың бірі әрі бірегейі – Оразхан Кенебаев.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әрі режиссер, әрі актер, әрі оқытушы болып қызмет атқарып жүрген талант иесі «Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс ел- шісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттың ғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерде ойнаған.  Сондай-ақ, «Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні», «Әлия», «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде бас рөлдерді сомдаған.

 

Тума таланттың, еңбекқор режиссердің, әрі дарынды актердың шығармашылық жолы «Сахна сырлары» бағдарламасында толығырақ баяндалады.

Дидар Кәден Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк өнері колледжінің музыкалық басқарушысы болып тағайындалды

Дидар Кәден Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк өнері колледжінің музыкалық басқарушысы болып тағайындалды

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Отандық финематографияның үздіктері анықталды;

 - Түскі немесе кешкі асты қай жерден ішкенді жақсы көресіз?

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонағы – жас актер Дидар Кәден.

Студия қонақтары – жас музыканттар Әйгерім Елемесова және Тоқтар Нұрмолдаев

Студия қонақтары – жас музыканттар Әйгерім Елемесова және Тоқтар Нұрмолдаев

Бағдарлама тақырыптары:

 

 - Әнші, сырнайшы Ағайша Исағұлова 70 жасқа толды;

 - Актер Бауыржан Қаптағайдың шығармашылығы;

 - Театр әрлеушілердің жұмысы;

 - Шетел жаңалықтары;

 - Студия қонақтары – жас музыканттар Әйгерім Елемесова және Тоқтар Нұрмолдаев.

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры актерлерінің сомдауындағы қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезовтың «Қилы заман» драмасы.

 

Қоюшы режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов.