«Өзін-өзі тану»

«Өзін-өзі тану»

«Өзін-өзі тану» – қоғамдағы әрбір жанның ішкі иіріміне үңіліп, өзін тануына, қоршаған ортамен байланыс орнатуына  көмек беретін сабақтың бірі. Өзін таныған өзгені де түсінеді. Ал өзгені түсінген, басқаларға да жылы қарым-қатынаста болады. Өзіңді-өзің таны. Тән  мен жан саулығының бағдарламасы.  Бұл жоба «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, еліміздің  бірінші ханымы Сара Алпысқызының авторлық идеясы негізінде ашылды. «Өзіңді өзің таны» - балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру негізінде жасалған.  Мұнда еліміздің әр аймағында тұратын оқушылар, студенттер, мұғалімдер, ұстаздар, тәрбиешілердің қатысуымен ең қызықты да көрнекті сабақтары мысал ретінде көрсетіледі. Дәл осы пән арқылы олардың бойындағы керемет қасиеттері ашылып, өз-өзіне сенім орнатады, қоршаған әлемнің ғажап дүниелерімен танысады.