«Нұрлы отау»

«Нұрлы отау»

Ел бірлігі – ел теңдігі. Еліміздегі барлық ұлттардың достық пен татулықта тұрып жатқаны  әлемге аян. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың осыншалықты тамыр тартуы қа­зақ халқының мейірбандығы мен қонақжайлы­ғына үйренген басқа ұлттардың өзара та­тулығының нәтижесі. Қазақстан дос­тық пен ынтымақтың жерұйығына айналып үлгерді. Бұл –  Елба­сының осы бағыттағы сара саясаты мен ұстанымының арқасы деуге әбден болады.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осыған орай, қазақ жеріндегі түрлі ұлыстардың өзіндік мәдениеті, тілі, діні, дәстүрі мен дүниетанымы, олардың өткен тарихы  жобаға арқау болып отыр.