«Дала әуені»

«Дала әуені»

Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері ғасырлардан жеткен бабалар сәлеміндей құнды дүние екендігі даусыз. Дәстүрлі ән мен күй – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, мұң-шері, қызық қуанышы.
Қазақтың дәстүрлі музыкасын өз дәрежесінде дәріптеу, тани білу – ұлттың әрбір азаматының парызы. Осы міндетті арқалаған «Ғасырлар пернесі» өткенімізге үңіліп, өшкенімізді жаңғырту арқылы үлес қосып отыр.
Бағдарламада түркі мәдениетінің озық өнер туындылары мен қазақтың ғажайып дәстүрлі музыкалық шығармалары орындалады.