«Музей құпиялары»

«Музей құпиялары»

Бағдарлама Қазақстан тарихында аса таныла қоймаған, бірақ қызық фактілерді жария етуге, мемлекетіміздің құрылуына өз үлесін қосып, алайда еңбегі еленбей, көлеңкеде қалып қойған тұлғаларды таныстыруға бағытталған. Жоба мақсаты – еліміздің шағын музейлерінде сақталған экспонаттарды зерттеп, олар жасырған құпияларды паш ету. Бағдарламада актерлар қатысқан қойылымдар арқылы тарихи оқиғаның көрінісі бейнеленеді және оларға сарапшылар өз түсініктемелерін береді.
Жоба, сондай-ақ, еліміздің тарихын зерттеп, түрлі тарихи дәуірлердің маңызды оқиғаларын анықтап, отандастарымыздың өз елінің тарихына деген құрметін қалыптастыруға бағытталған.