«Сахна сырлары»

«Сахна сырлары»

«Сахна сырлары» өнер ордасындағы қызметкерлер жайлы сөз қозғайды. Ол танымал тұлға ғана емес, еңбегі ұшан-теңіз болса да, еленбей жүрген қарапайым жұмысшы болуы да мүмкін. Сол арқылы көрермен сахнадан тыс театрдың тыныс-тіршілігімен танысады. Театр тылсымына үңіледі. Режиссердің күні неден басталады? Жарық берушінің қолы не үшін қарулы әрі епті болуы қажет? Қалайша актер жеке басындағы қиындықтарды ұмытып, образға енеді? Сахна механиктері неден қатты қорқады? Неге костюмерлер актер киіміне қауырсын тікпеуге тырысады? Осындай қызықты мағлұматтар мен қайталанбас сәттер бағдарлама барысында көрсетілмек.