«Қазақстан би әлемі»

«Қазақстан би әлемі»

Бағдарламада қазақ халқының дәстүрлі би түрлерімен қатар, Қазақстанда мекендейтін ұлт пен ұлыстардың ұлттық билері мен классикалық би үлгілері көрсетіледі. Жоба барысында әр ұлттың болмыс-бітімі мен мінезіне біткен біртұтас рухани, көркем феномені ретінде би өнері жан-жақты талданатын болады. Бағдарламада кәсіби мамандар, мәдениет қайраткерлері, хореографтар әр бидің тарихына, ерекшелігіне, би бағытының заманауи үлгілеріне, стиліне талдау жасап, пікір білдіреді. Сондай-ақ, талғамы жоғары көрермен бишілер тобының өнеріне қанығады.