«Өмір жолы»

«Өмір жолы»

«Өмір жолы» телефильмінде Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев секілді танымал тұлғалардың өмірі, тұрмыста көрген тауқыметтері, шығармашылығы қамтылатын болады. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі танымал тұлғалардың өмір үзінділері кәсіби актерлердің ойнауымен түсіріліп, көрермендердің қызығушылығын оятуға әрі олардың атқарған еңбектерін кеңінен насихаттауға септігін тигізеді.
Сондай-ақ, жоба ХIX-XX ғасырларда өмір сүрген танымал әншілер Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың т.б тұлғалардың шығармашылығы, әннің шығу тарихы, өлеңнің шығуына себеп болған жағдаяттар қамтылады. Одан өзге, XX ғасырда басында өмір сүрген жазушылардың, журналистердің, халық ағатушыларының өмір жолы да осы бағдарламада қамту көзделген.