«Атакәсіп»

«Атакәсіп»

«Атакәсіп» бағдарламасының мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі тұрмысымен мәдениетін жеңіл, эдьютейнмент үлгісімен баяндау. Жоба бойынша бағдарламаның жүргізушісі – қалада туып өскен жас жігіт әр шығарылымда жаңа бір кәсіпті меңгереді. Оның бағыт-бағдар берер ұстаздары –атакәсіпті жете меңгерген дала қырандары. Олар қаладан келген ынталы шәкіртке өз кәсіптерінің құпиясын аша отырып, көрермендерге тарихи және мәдени тұрғыдан қызықты мәлімет бермек.