«Тағдырластар»

«Тағдырластар»

«Тағдырластар» – Кеңес үкіметі кезінде дүниеге келіп, тәуелсіздік таңын аңсап күткен отандастарымыздың өмірлік жолы мен тағдыры жайындағы туынды. Олар – тағдыр тәлкегіне дес бермей өмір сүріп, жарқын болашаққа нық қадам басқан білім мен мәдениет қайраткерлері.
Фильмнің орта шенінде – басты кейіпкердің басынан өткен қиындықтары, өзін тұлға етіп қалыптастырған өмір өткелінің белестері, тағдыр торабының өзі күтпеген өзгеріске ұшыраған сәттері туралы жан тебіренісімен, ашық әңгіме үстінде тақырыптың шарықтау шегін түйіндейді. Бізді ең бастысы – кейіпкердің өзі, оның ұлтына, тарихына, өзінің өткен өміріне деген көзқарасы қызықтырады.

Кейіпкердің өмірлік қағидалары, өмірге деген көзқарасы – өзінің жасаған нақты іс-әрекетімен айғақталады.