«Астана ONLINE»

«Астана ONLINE»

Өнер мен мәдениет саласында өзіндік тәжірибесімен, өмірге деген көзқарасымен, білімі мен біліктілігімен, өнерімен бөлісе алатын, көпшілікке танымал тұлғаларымыз жетерлік. Олар – қаламынан жыр мен сыр төгілген ақын-жазушылар, ой мен сезім әлемінің саяхатшылары – суретшілер мен режиссерлар, өнерді өмірлік серік еткен әртістер мен сазгерлер. Сондай-ақ, Елордамыздағы тарихи оқиғалар мен мерекелік, айтулы мәдени шаралар да бағдарлама назарынан тыс қалмақ емес. Бағдарлама барысында жүргізуші мен студия қонағы халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қос қазынасы – өнер мен мәдениет туралы сұхбаттасып, әңгімені бүгінгі күннің тынысымен сабақтайды.