Сауран қаласындағы көне кәріздер

Сауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ерекше орын алады. Ежелгі қала маңайында 300-ден аса көне кәріз құрылыстары болған. Солардың ішіндегі ең кіші дегеннің өзі 500-700 метрге болса, үлкендері 8-10 шақырымға жеткен. Кәріздер дегеніміз – құдықтар арқылы бір-бірімен жер асты жалғасатын су немесе су құбырлары. «Өлкетану» бағдарламасымен тарихы терең көне кәріздерді тамашалайық!