Скрининг – ұлт салауатының кепілі

Скрининг термині – ағылшынша «електен өткізу» деген мағынаны білдіреді. Оның «қорғау» және «жағымсыз бір нәрседен қорғау» атты басқа да мағыналары бар.

«Скрининг» – аурудың белгілері пайда болмай тұрып, зерттеулерге сүйеніп, оларды анықтау және алдын алу дегенді білдіреді.

Бүгінгі таңда ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында скринингтік зерттеулер, қауіпті ауруларды анықтау үшін ерте қаралу, емдеу сынды мәселелер жүзеге асырылып келеді. Скринингтік бағдарламаларды енгізу және кеңейту жұмыстарына мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді.