Африкалық өнерпаз қазақ күйін үйренді

Шетел азаматы қазақтың төл өнерін үйренуге ниет білдірді. Ол кәсіби ұстаз, күйші Абдулхамит Райымбергенұлының жетекшілігімен Қазанғап Байболовтың «Құс қайтару» күйін үйрену үшін арнайы студияға келді. Бағдарлама барысында Қазанғаптың күй өнеріне әкелген қағыстары, орындау ерекшеліктері де кеңінен түсіндіріліп, бұл күйдің «Қиту – қиту, қайт – қайт» деп те аталатындығы тілге тиек болды.