"ҚЫЗДАР МІНГЕН БАЙТАЛДЫ, ЖАНАЙ ЖҮРШІ КӨКШОЛАҚ..."

Кененнің әкесі Әзірбай өзінің бірнеше жылғы тапқан-таянғанын жинап жүріп, Қырғызстанның базарына барып, бір ат сатып әкеледі. Әкелген жылқысының құйрық-жалы жоқ нағыз көкшолақ екен. Сонда да әке мен бала мінерлік көліктің болғанына қатты қуанады. Сол жылы Кененнің ауылымен қатар жатқан көрші елдің атақты байлары: бес болыс үлкен той жасайды. Қой соңында жүрген Кенен сән-салтанат құрып, тойға кетіп бара жатқан бір топ қыз-келіншек, жігіттерді көріп, қызығады. Қайткенде де осы тойға оның да барғысы келеді. Сөйтіп, бағып жүрген қойын досына қалдырып, Көкшолағымен әлгі топты қуып жетеді. Келген бетте қыз-келіншектерге тиісіп, өлең айта кетеді. Көптің ішінен Шәлипа есімді байдың қызы оған жауап қайтарып, екеуі айтыса жөнеледі. «Айтыстың кейінгі нұсқасы «Көкшолақ» әнінің тууына себеп болыпты» деген болжам бар.