Сүндет Байғожин: Қазақ операсын қазақтан артық ешкім шырқай алмас

Мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ, ән айтуды ұнатқан әнші бүгінде еліміздің «Астана Опера» театрының жетекші солисіне айналды.

2013 жылы ол Италияда өткен Опера әншілерінің халықаралық конкурсына қатысып, өз номинациясы бойынша 1 орынды иеленген. Опера әншісі «Arena di Verona» беделді театрында тыңдаудан өтті. Енді Сүндет Байғожин әлемдік сахнаға шығатын тұңғыш қазақстандық опера әншісі болмақ.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі опера әншісі Сүндет Байғожинмен болған сұхбатта шығармашылығындағы жаңалықтарымен таныс бола аласыздар.