Абзал Әбілда: Шығармашылықтан бір мезет күдер үзген емеспін

90-жылдардың басында ән әлеміне бойлаған, ақынның әр сөзінен әуен тауып, әнге айналдырған, толғауы мықты тың шығармаларды дүниеге алып келген композитордың туындыларынан асқақ үнді, сағындырған сазды, көңіл құсын шартарапқа ұшырған әсерлі әнді бойымызға сіңірдік.

Сол жылдары Рамазан Стамғазиевтің «Толғау» әні – ең бір салмағы ауыр шығармалардың бірі боп саналды. Бағдарлама шығарылымы әнмен қатар сөздерін де жазып, бойына бірнеше талантты жинаған Абзал Әбілданың шығармашылығына арналады.