Мұратбек Сарыбасов: «Қара жорға» - бағыма бұйырған ән

Қазақы қалпынан айнымаған халық әні «Қара жорға» көңілді кештердің көркіне айналған ойнақы әндердің бірегейі. Халқымыздың ғасырдан келе жатқан бай  мұрасының бір бөлшегі.  Тәуелсіздіктің көк туы желбіреген тұста, «Қара жорға» тыңдарманмен қайта қауышты. Бұл жолда әнші Мұратбек Сарыбасовтың еңбегін ерекше атауымыз керек.Бағдарламақонағы әнші, композитор Мұратбек Сарыбасов.