Лақай халқы қай ұлттан таралған?

Лақай халқы дегеніміз кімдер? Лақай халқының рулық құрылымы туралы қандай тарихи деректер бар? Жалпы, Жиделі – өзен, ал Байсын – таудың атауы. Байсын тауы – өзіндік сұлулығымен ерекшеленіп тұратын тау. Жиделі-Байсын жұртшылығының көпшілігі – қазақ халқы деседі. Ал олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінде өзбек халқына да ұқсастықтарды кездестіруге болады. Сонда лақай халқының түп тамыры кімнен тараған? Бқл сұрақтардың жауабын Өзбекстан өнер институтының оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Насреддин Назаров ашып бермек.