Көпен Әмірбек: Ел мені «сатирик» десе, мен өзімді «журналистпін» деймін!

«Журналистика – ұшан-теңіз толқып жатқан мұхит. Журналист – айналасына ой тастап, қоғамды ойландыру керек. Әлем – саябақ болатын болса, оған нұрын шашып, сәулесін төгіп, суландыратын да, буландыратын да журналист», - дейді жазушы әрі журналист Көпен Әмірбек.

«Жүздесудің» қадірлі қонағы – «Ара» kz» саяси-қоғамдық сатиралық журналының Бас редакторы, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі сатирик Көпен Әмірбек.