Адамның тұлғалық қасиеттерінің негізі – балалық шақтан бастау алады

«Қай пәннің болмасын негізгі мақсаты – баланың ой-қиялына ерік беру, арманына қанат бітіру. Ал ұстаздың міндеті – баланың бойындағы ұшқынның лаулаған жалынға айналуына барынша атсалысу. Мұғалімнің жұмысы сырттай қарапайым көрінгенімен, адамзаттың тарихында оның ел болашағы үшін, адам капиталын сапалы дамыту үшін қосып отырған үлесі ұшан-теңіз», - дейді Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Әліппе» оқулығының авторы, «Даналық әліппесі» инновациялық оқу-тәрбие кешенінің құрастырушысы Бижан Құрманғалиқызы.