Алаш Орда және Түркістан өлкесі: мемлекет үшін күрес

Тарихи кезеңге көз жүгіртер болсақ, Түркістан автономиясын жариялауға 1 ай мерзім берілген еді. Сол бір айдың ішінде Түркістан қазақтарының қосылу мәселесі шешілмесе де, Түркістан автономиясы қабылданды. Автономия 1917-18 жж. өмір сүріп, соңында большевиктердің араласуымен таратылған болатын. М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы басшылығымен болған қозғалыс мемлекеттігіміздің тәуелсіздігі үшін күресті. «Алаш Орданың» күрес оқиғалары қалай жүргізілді? Тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу үшін бағдарламамызға «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Сұлтанхан Аққұлұлын шақырдық.